• 16 ноября, 2025 6:19 пп

Шымкентте полиция нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Автор:admin

Окт 4, 2025

Шымкентте полиция нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, — деп хабарлайды Jsk.kz ақпараттық агенттігі. ​Шымкент қаласының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тұрақты түрде қала аумағындағы білім ошақтарында оқушылар мен студенттерге есірткінің зардабы, нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Кезекті іс-шара Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде өткізілді. Кездесу барысында жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың қалыптасуы, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріліп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы атап көрсетілді. ​Сонымен қатар интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы ескертілді.​Іс-шара соңында студенттер көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты. Осы орайда Президенттің айтуына көңіл бөлсек, өскелең ұрпақтың бойына жасампаздық қасиеттерді сіңіріп, оларды тәртіпке баулу қажет. Бұл – ата-аналар мен білім беру жүйесінің ортақ міндеті. Бала­лар қоғамдық құндылықтардың мән-мағы­насын ұстазынан үйренеді. Олар­дың мінез-құлқы негізінен мектеп қабыр­ғасында қалыптасады. Сондықтан Үкімет білім мекемелеріндегі тәрбие жұмы­сын қайта зерделеп қарауы керек. Жас ұр­пақты заңды сыйлауға үйрету мәселесіне баса мән берген жөн. Балалар мектептен «Адал азамат» болып шығуы қажет.

– «Заң және тәртіп» қағидаты жауап­кершілікті сезіну мәдениетімен тығыз байланысты. Елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны жүріп жатқанын білесіздер. Бұл маңызды бастама халықтың кең қолдауына ие болды. «Таза Қазақстан» – озық ойлы қоғам құруға арналған идеологиялық тұғырнаманың ажырамас бөлігі. Бұл – тек қоршаған ортаның тазалығын емес, ой мен сана тазалығын сақтау деген сөз. Себебі қоғамдық әдеп пен заңға деген құрмет айналадағы тазалықтан басталады. Жалпы, халықтың құқықтық мәдениетін көтеруге жан-жақты қараған жөн. Бүгін мен «Заң және тәртіп» апталығын жариялауды ұйғардым. Осы апта қоғамда заң мен тәртіпті насихаттау аптасы болмақ. Алдағы жеті күн құқықтық мәдениетті нығайтуға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының абырой-беделін арттыруға арналуы керек. Алайда бұл бір реттік акция емес. «Заң және тәртіп» апталығына азаматтардың құқықтық сана-сезімін көтеретін маңызды, жүйелі шара ретінде қараған жөн, – деп айтқан болатын Мемлекет басшысы.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin