Прокурорлар қалалық полиция департаментімен бірлесіп, есірткінің заңсыз айналымы мәселесі бойынша брифинг өткізді. Прокуратураның осы қылмыстардың алдын алу бойынша қабылдап жатқан шаралары, сондай-ақ қызметкерлердің тергеу барысында кездесетін проблемалық мәселелері талқыланды. Бұқаралық ақпарат құралдарын қызықтыратын сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Аталған санаттағы қылмыстармен күрес мәселелері қалалық прокуратураның ерекше бақылауда. Біз қоғам мен медиа кеңістігін есірткіге қарсы күресте бірігуге шақырамыз, әрбір азаматтың үлесі маңызды! Қоғамда есірткі қылмысының таралу ауқымы, әсіресе оған жасөспірімдер мен жастардың үйірсектігі бәсеңдемей тұр. Адам өміріне балта шабатын, қалыпты тіршіліктің тұнығын лайлайтын қауіпті кеселмен күрес толастамауға тиіс. Осыған орай жуырда жаңа оқу жылының басталуына байланысты Ішкі істер министрлігі мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарында құқықтық білім беру мақсатында республикалық акция бастады. Науқан аясында қазан-қараша айларында шымкент қаласының барлық оқу орнында прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер өтпек. Ол жерде жоғары сынып оқушылары мен студенттерге қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын әрекеттер туралы жан-жақты ақпарат беріледі. Ер жетіп, өз қолы өз аузына жете бастаған жастар есірткіні таныстарының өтінішімен уақытша сақтау немесе тасымалдау, граффити-жазуларды салу, хабарландырулар немесе QR-кодтар тарату, форумдарда, мессенджерлерде есірткі туралы оң пікірлері бар посттар қалдыру сияқты әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін түсінуі маңызды, Алғашқы кездесуді аталған Мирас университетінде өткізді. Жоғары оқу орнының оқытушылары мен әкімшілігіне студенттердің қатысуымен жасалуы мүмкін құқық бұзушылық түрлері, университетте және жатақханаларда есірткіні жарнамалау және тарату тәсілдері, студенттердің есірткіні қолдану белгілері туралы айтылды. «Бұл әңгіме қалаға жаңадан келген және есірткіні тарату немесе жарнамалау арқылы жеңіл табыс табуға тартылуы мүмкін бірінші курс студенттеріне өте маңызды. Сондықтан осы университеттегі келесі қадам – 1-2 курс студенттерімен кездесу. Біздің мақсатымыз – ақпаратты жастардың бәріне жеткізу», деді сала мамандары. Жоғарыда айтылғандай, жастар мен жасөспірімдердің қатысуымен жасалатын есірткі қылмыстарының бірі – көшелердегі граффити жазуларын салу. Бір қараған адамға ол қабырғаға салынған әдемі жазу ғана болып көрінуі мүмкін. Алайда есірткі пайдаланатын адамдарға бұл «таптырмас» бағыт-бағдар. Яғни ол жерде есірткі сататын сайттардың атауы жазылады. Осы қылмыстарға қарсы күрес аясында қазір ел аумағында граффити жазуларды өшіру науқаны жүріп жатыр. Шымкент қаласында полицейлер жыл басынан бері 800-ден астам есірткі граффитилерін жойды. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу, сондай-ақ синтетикалық есірткінің таралуына қарсы қабылданып жатқан іс-шаралар туралы баяндаған ол есірткі өндіретін зертханаларды анықтауға үлкен назар аударылғанын айтты. Жыл басынан бері Шымкент қаласының полицейлері 12 есірткі зертханасын анықтап, жойды. Біз мектеп оқушыларымен, ата-аналармен және мұғалімдермен профилактикалық дәрістер мен семинарлар ұйымдастыра отырып, білім мекемелерімен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және анықтау маңызды. Сонымен қатар 8 айда 400-ге жуық профилактикалық іс-шара жүргізіліп жатқан көрінеді.
Jsk ақпараттық агенттігі