• 24 ноября, 2024 8:43 дп

Шымкентте түрмеге ұялы телефондарды жасырып кіргізбек болған азамат ұсталды

Автор:admin

Окт 14, 2024

Шымкентте түрмеге тыйым салынған затты алып өтпекші болған тағы бір заң бұзушылықтың жолы кесілді.  Оқиға Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша жоғарғы №53 мекемесінде болған. Құқықтық тәртіп әскері сақшыларының қырағылығының нәтижесінде күдіктінің жымысқы әрекеті жүзеге асқан жоқ.  10 қазан күні сағат түскі 14.00 шамасында қызметін қырағы атқарып тұрған 2 атқыштар ротасының көлікті бақылап тексеру пунктінің кезекшісі ефрейтор Нұрғали Ислямов, қарауыл бастығының кинологиялық қызмет бойынша көмекшісі ефрейтор Нұрсұлтан Кермаш және сақшы сарбаздар қатардағы Архат Сламжанов пен Думан Әбдісаттаров мекеме қызметкерлерімен бірлесіп бақылау-өткізу пунктіне құрылыс материалдарын алып келген ГАЗЕЛЬ автокөлігін арнайы құралмен тексере бастайды. Оның әкелген ағаш және фанер тақталары жәй ағаш болмай шықты. Тақтайлардың арасына күдікті заттар жасырылған екен. Бұны сақшылар бірден байқап, тиісті адамдарға хабар берді.  Көліктегі күдік тудырған заттардың арасында түрлі маркадағы 24 ұялы телефон, 7 сим-карта, 4 дана Airpods құлаққабы, 4 дана сымды құлаққап және 7 қуаттағыш құрылғы табылды. Күдікті тыйым салынған заттарды ағаш материалдарының арасына мұқият жасырыпты. Алайда, қырағы көз қызметкерлер мұның өзін мүлт жібермей, дер кезінде анықтаған. Аталған факті бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіліп, көлік жүргізушіні заңға сәйкес жауапкершілікке тарту қарастырылуда. Қылмыстық жазаларды тағайындау кезінде объективтілік пен әділеттілікті қамтамасыз ету үшін қылмыстық құқық бұзушылықтарды санаттау институтының маңызы зор, өйткені жасалған әрекетті қылмыстың белгілі бір санатына жатқызу қылмыстық жаза тағайындау үшін негіз болып табылады. Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесі неғұрлым жоғары
болса, қылмыстық жаза соғұрлым қатаң болуы керек. Біздің елімізде қылмысқа қарсы күрес тиімділігін арттыру бойынша Шымкент қаласы қазіргі  кезде заң ғылымдарының дамуындағы негізгі бағыттарын қалыпстыру үстінде. Жауаптылықтан туындайтын жазаның орындалмай қалмау қағидасын жүзеге асыру мен оны қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттің қылмысқа қарсы күрес саясатын жүргізуді әрі қарай ізгілендіру және ымырашылдық жасау мақсатында, қылмыстық құқықтық қудалау шараларын үнемді қолдану  негізінде және жасалған қылмыс үшін жауаптылықпен жазаны жекешелендіру мен дұрыс оқшаулаудан туындайды. Осы мақсатта қылмыспен күрес тиімділігін арттыру үшін мәселелердің тап осылай қойылуының өзі, қылмыстылықты зерттейтін ілімдер теориясы мен практикасының дамуы және оның жетілдіруіне байланысты үйлесімді ұйымдастыру шараларын қылмысқа қарсы күреске ықпал етуімен тығыз байланысты болады. Елдегі қылмыстық саясатты дұрыс жүргізудегі кең көлемді мәселелерді шешу шарттарының негізі деп, қылмысқа қарсы күрес пәрменділігін арттыруға баса назар аудару айтылады. Өз кезегінде, қылмысқа қарсы күрес тиімділігін арттыру міндетінің оңды шешілуі біздің елімізде қылмыспен күрес тиімділігін қамтамасыз ету барысында сенімді теориялық негізді жасауды алға қояды.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin