• 25 ноября, 2024 4:40 дп

Шымкентте шағынаудандарың орталық көшелері жарықтандырылмақ

Автор:admin

Сен 17, 2023

Бірінші кезекте шағынаудандардағы әлеуметтік нысандар орналасқан және қоғамдық көліктер қатынайтын орталық көшелер жарықтандырылады. 2024 жылы Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағындағы 22 көше жарықтандырылады, деп хабарлайды JSK.KZ. Бірінші кезекте шағынаудандардағы әлеуметтік нысандар орналасқан және қоғамдық көліктер қатынайтын орталық көшелер жарықтандырылатын болады. Атап айтқанда: 1. Әбдраимов (Жанаталап шағын ауданы) 2. Ақтас тұрғын алабының орталық көшесі 3. Народовольцев (112-шағын ауданы) 4. Отырар шағын ауданы Ішкі орам көшесі 5. Ескендіров (кіші Самал шағын ауданы) 6. Әбсеитов (кіші Самал шағын ауданы) 7. Чехов 8. Аққыстау (Қазығұрт шағын ауданы ) 9. Балапан Ата (4 шағын аудан) 10. Спорт шағын ауданы (Ішкі орам көшесі) 11. Әбдраимұлы (Самал-1 шағын ауданы) 12. Қойбағаров көшелері 13. Металист – орталық көше 14. Бөгенбай батыр көшесі – Қазығұрт шағын ауданы 15. Мүсірепов көшесі – Қазығұрт шағын ауданы 16. Бақытты көшесі – Қазығұрт шағын ауданы 17. Қызылқұм көшесі – Қазығұрт шағын ауданы 18. Ақтас елді мекеніндегі атауы жоқ көше 19. Айдарқұлов – Жаңаталап елдімекені 20. Таңатар — Құрсай елдімекені 21. Аққыстау – Құрсай елдімекені 22. Қармақшы – Құрсай елдімекені. Шымкент қаласында көшелерді жарықтандыру жұмысы тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында бірінші кезекте орталық көшелер жарықтандырылған. Ал, шағын аудандар мен тұрғын алаптарда мектеп, балабақша, емхана, аурухана немесе өзге де әлеуметтік нысандар орналасқан және тұрғындар көп жүретін көшелерге басымдық берілуде. Айта кетейік, Тұран ауданындағы елді мекендер 99,5% сапалы электр қуатымен қамтылған. Қазіргі уақытта Құрсай елді мекенінің жаңақұрылыс аумағын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында жобалау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Нәтижесінде, 2024 жылы Тұран ауданы 100 пайыз сапалы электр қуатымен қамтылады.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin