• 24 ноября, 2024 6:38 пп

Шымкентте шағын аудандардың дамуын нығайту шаралары қолға алынған!

Автор:admin

Июн 3, 2022

Бүгінгі таңда Шымкент – Қазақстанның дамыған инфрақұрылымы бар елдің өнеркәсіп өндірісіндегі өңірдің үлес салмағы 2,0% – ды құрайды, (бұл Қазақстан өңірлері арасында 12-орын) өндірістік, сауда және мәдени орталықтарының бірі. Шымкент – еліміздің республикалық маңызы бар үш қалаларының бірі. «Шымкент -2025» даму бағдарламасы арқылы шағын аудандардың даму көрсеткішін нығайтып, қаланың даму үдерісіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Соның бірі

Айнатас тұрғын алабы 2014 жылы Түркістан облысының Төлеби ауданынан Шымкент қаласының әкімшілік-шекаралық аумағына қосылған.

⚜Елді-мекендегі басты көшелерге аялдамалар орнатылып, қалаішілік қоғамдық көлік жүргізілді.

⚜2019 жылы тұрғын алапты сапалы электр қуатымен қамту мақсатында 254 тұрғын үйге арналған ескі электр желілері мен трансформаторлар жаңартылып, бетон бағаналар орнатылды.

⚜Жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау мақсатында 1-дана ашық спорт алаңшасы салынды.                              ⚜Ағымдағы жылы тұрғын алаптағы  орталық  Айнатас көшесіне 2,3 шақырым жарықтандыру шамдары орнатылды.

⚜Тұрғындардың ұсынысына сәйкес «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында #126 мектеп жанында балалар ойын алаңшасы құрылады.

⚜Елді-мекендегі 13-көшенің 2-і (Шоқтас, Орталық) қала аумағына қосылғанға дейін асфальтталған болса, қалаға қосылғаннан кейін осы 2-көше қайта жаңартылып, аяқ жолдар салынды. Одан бөлек,  11-көшеге  шағал тас төселді. Ағымдағы жылы шағал тас төселген көшелердің  10-көшесін асфальттау жоспарда бар. Қазіргі таңда мердігер мекеме «ПРОФИЛЭНД» ЖШС-і Бесқұлан, Сарыөзен, Құмтөкей, Ақшығанақ көшелеріне асфальт жабынының бірінші қабатын  төседі. 6-көшеге асфальт қабатын төсеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын алапта қалған 1-көшені (Бұғылысай) асфальттау 2023 жылға жоспарланған, жыл қортындысымен асфальтталған жолдардың үлесі 100 пайызға жетеді.

⚜Айнатас тұрғын алабының халық шоғырланған негізгі аумағы ағымдағы жылы инфрақұрылыммен толық қамтылады. Жаңадан бой көтеріп келе жатқан жаңақұрылыс аймағындағы 5 үй мен 12 жер учаскесін сапалы электр қуатымен және орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалар (ПСД) әзірленді құрылыс жұмыстары  2024 жылы жүргізіледі. Сонымен қатар, 17-абонентті табиғи газбен қамту үшін 2023 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді. Жалпы тұрғын алаптың инженерлік жүйелермен қамту көрсеткіші 93,3 пайызды құрайды, 2024 жылдың қорытындысымен бұл көрсеткіштер 100 пайызға жеткізіледі.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin