• 31 октября, 2024 1:34 дп

ШЫМКЕНТТЕ «ШЫН НИЕТПЕН»  ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 4, 2022

Көп ұлтты Қазақстанның бүгінгі жаңару бағыты жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардан сусындаған, ұлттық дүниетанымы, мінез-құлқы қалыптасып, жан-жақты жетілген парасатты азаматтар тәрбиелеу.  Ата-аналардың мақсаты педагогтармен тығыз қатынаста болып солардың ақыл-кеңестерін тыңдап балаға тиянақты білім, жақсы тәрбие беруге өз үлестерін қосу, тікелей ат салысу. Мамандар ата-аналармен тығыз қатынаста жұмыс істеуі керек. Маманның  ұсыныстары ата-анаға өз баласын жақсы түсінуге көмектеседі, онымен өз қарым-қатынасын құруды  үйретеді және оған қоршаған өмірде толық бейімделуіне  көмектеседі. Көптеген ата-аналар педагог уақыттарын үнемі «ерекше» балаларға жұмсайтындықтан, денсаулығы бар балаларға жеткіліксіз назар аударады деп уайымдайды. Алайда кәдімгі топтарға ерекше қажеттіліктері бар 3-4 баладан артық қосылмайды және педагог денсаулығы бар балаларға қанша уақыт бөлсе, оларға да сондай уақытын бөледі. Мамандар ата-аналарды өз баласымен ынтымақтастықтың психологиялық — педагогикалық технологияларына, оны түзете оқытудың және тәрбиелеудің тәсілдері мен әдістеріне үйретеді, сондай-ақ оларға психологиялық қолдау көрсетеді. Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында «Шын ниетпен» қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шараның мақсаты — аудан аумағындағы ерекше күтімді қажет ететін  балаларға қолдау көрсету, мерекелік көңіл күй сыйлау. Аудан әкімі Р. Мүлкеманов қайырымдылық акциясының аясында, аудан орталығында орналасқан «Асыл-ай» мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестігі орталығына барып, бүлдіршіндерді құттықтап, сый-сыяпаттарын табыстады.

— Бүгінгі акцияның мақсаты — ерекше балаларға өз қамқорлығымызды көретіп, олардың өмірге деген құштарлығын ояту. Жалпы ауданда 2000-ға жуық әр түрлі топтағы мүмкіндігі шектеулі бала бар. Бүгін мыңға жуық балаға мерекелік көңіл-күй сыйлап, өз сыйлығымызды табыстаймыз. Сондай-ақ балаларды қорғау күнінде 150 мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы мерекелік дастархан жайып, ойын-сауықтық бағдарлама ұйымдастырған болатынбыз. Ал, 500 әлеуметтік жағдайы аз қамтылған балаларға аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен сыйлықтар таратылды,- деді Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Жанысбекұлы. Орталықта 30-ға жуық балаға әлеуметтік, психологиялық қызмет көрсетіледі. Бүгінгі болған іс-шараға аудандық Жастар ресурстық орталығының ерікті жастары, «Ізгілікке жарысайық» қоғамдық бірлестігі және «Мейірім» қайырымдылық қоры да атсалысып, өз көмегін көрсетті.

— «Асыл-ай» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалу орталығы 2019 жылы ашылды. Осы уақытқа дейін көптеген жүйке ауруына шалдыққан балалар емделіп, оң нәтижесін беріп, бізді қуантып жатыр. Қазіргі таңда орталығымызда 8 тәрбиеші және олардың көмекшісі, массаж, логопед, психолог мамандары жұмыс істейді, — деді «Асыл-ай» оңалу орталығының басшысы Күнсұлу Зейілбекқызы.

Jsk ақпарат

Автор: admin