• 10 сентября, 2025 2:27 пп

Шымкентте ІІМ тәлімгерлер кеңесінің мүшесімен кездесу өтті

Автор:admin

Авг 13, 2025

Қазақстанда құқықтық саясатты жүзеге асыру және заң бөлімдерінің нәтижелі жұмысы құқықтық мәдениетті қалыптастырудың, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізі болып табылады. Құқықтық саясатты және бөлімдердің жұмысын жүзеге асыру үшін құқықтық саясатты әзірлеу және іске асыруды мақсат ету керек. Осы орайда  Шымкентте ІІМ тәлімгерлер кеңесінің мүшесімен кездесу өтті, — деп хабарлайды Jsk.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласы полиция департаментінің жеке құрамы Ішкі істер министрлігінің тәлімгерлер кеңесінің мүшесі, ҚР «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Президумының төрағасы  Бексұлтан Сарсеков кездесті. Генерал өз қызмет тәжірибесімен бөлісіп, тәртіпті нығайту және полиция жұмысының тиімділігін арттыру бойынша практикалық ұсыныстар берді. Іс-шараға ПД басшылығы, тәлімгерлер кеңесі және ІІО ардагерлері қатысты. Полицейлер генералдың нұсқаулары күнделікті жұмыста қолданылатынын атап өтті. Құқықтық саясат — мемлекеттік және муниципалдық органдардың құқықтық реттеудің тиімді тетігін құру, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын неғұрлым жан-жақты қамтамасыз ету, құқықтық нормаларды жүйелеу және жүйелеу, тәртіпті, заңдылықты және тәртіптерді нығайту сияқты мақсаттарға жетуде құқықтық құралдарды өркениетті пайдалану жөніндегі қызметі. Құқықтық саясатының мақсаты — құқықты мемлекеттілікті және құқықты мәдениеттің, қоғам мен жеке адамның өмірінің жоғары деңгейін қалыптастыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, эк ономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың көбеюіне әкеп соқтыруда. Оған бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан, қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып тұр. Азаматтарымыздың құқығын қорғау саласында кешенді шараларды қолға алдық. Негізгі мақсат – әділетті қоғам құру және соның арқасында дамудың сара жолына түскен озық ел болу. Сондықтан біз осы бағыттағы маңызды реформаларды жалғастырамыз, жүйелі жұмысты тоқтатпаймыз. Тағы бір мәселе – азаматтардың қауіпсіздігі. Жеке адамнан бастап тұтас қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар басымдық. Көптеген елде, тіпті кейбір дамыған мемлекеттердің өзінде қылмыс пен тәртіпсіздік өршіп тұрғанына қарамастан, біз соңғы жылдары қауіпсіз қоғам құру жолында едәуір жетістікке жеттік. Көшедегі, қоғамдық орындардағы қылмыс пен заңсыздық тиылып келеді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin