Шымкент жедел бригадасының ұландықтары қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет барысында екі азаматқа көшеде табылған ұялы телефондарды қайтарып берді. Бірінші жағдай Туран ауданында болды. Сағат 18.20 шамасында әскери жасаққа азаматша өзінің жоғалған «Iphone 14» маркалы телефонын табуға көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінді. Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Нұркен Тұрсынбай мен патрульшілер Андрей Фризен мен Сағатбек Нұрбердиев жағдай туралы әскери жасақ бойынша кезекшіге баяндап, смартфон іздеуге кірісті. 20 минуттық іздеуден кейін әскери қызметшілер жоғалған телефонды тауып, иесіне қайтарды. Жарты сағаттан кейін Абай ауданында Ұлттық ұланның әскери жасағына осындай жағдайға тап болған тағы бір қыз өтініш білдірді. Іздеу іс-шараларының қорытындысы бойынша оған да жоғалған мүлкі қайтарылды. Екі жағдайда да қыздар Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне қырағы және адал қызмет атқарғаны үшін үлкен алғыстарын білдірді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету фактілерінің батыл түрде жолын кесу керектігін тапсырған болатын. Осы мақсатта Шымкенттік учаскелік полицейлерге өз міндеттерін мінсіз орындауда талап күшейтілген. Өкінішке қарай, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары жиі орын алып отыр. Отбасындағы жанжалдан зәбір көретіндердің басым бөлігі – әйелдер мен балалар. Биыл азаматтардың шағымдары бойынша 4 мыңдай қорғау нұсқамасы шығарылды. Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 106 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Биыл 1 шілдеден бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы әрекеттерге өзгерістер енгізілуіне байланысты жауапкершілік қатаңдатылды. Тұрмыстағы зомбылықтың көбі мас күйінде жасалады. Осыған байланысты, спирттік ішімдіктен мәжбүрлеп емдеу мекемесіне 60 тұлға жолданды. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін 6 032 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өңіріміздің бірқатар елді мекенінде тұрғындар тарапынан ішімдіксіз ауыл сынды игі бастамалар қолға алынып, оң нәтиже беруде. Өздеріңізге мәлім, Президент Жолдауында заң және тәртіп, өзара түсіністік, тілектестік пен жауапкершілік бәрінен биік тұратын тиімді мемлекет болатынымыз, қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген арандатушылық әрекетке қатаң тосқауыл қою қажеттігі айтылды. Яғни негізгі мақсатымыз – заңды қатаң сақтау, қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.
Jsk ақпараттық агенттігі