16 сәуірде Ұлттық ұланының 6698 әскерибөлімінде Шымкент қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 80-ге жуық жоғары сыныпоқушылары үшін Ашық есік күні өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпақтырухты әрі патриот етіп тәрбиелеу және жастарарасында құқықтық тәртіп әскері қатарындағықызметті танымал ету болды. Сонымен қатар маңызды шара елімізде кеңінен тойланып жатқан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейлі мерекесінің құрметіне арналды.
Саптық алаңда жас өрендерге Ұлттықұланның қаруланған әскери техникасы мен атысқаруының түрлері, жауынгерлік киім үлгілері, байланыс және арнайы әскери құралдары көрсетілді. Жауынгерлер көрсеткен қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінен қойылым тамашалады.
Оқушылар ұландықтардың жабдықтарынсынап көруге, нағыз жауынгерлік машиналардыңруліне отыруға және естелік фотоға түсіруге мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, іс-шараның бағдарламасыаясында қонақтарға кинолог мамандар құқық бұзушыны ұстау және тыйым салынған заттардыіздеу кезіндегі қызметтік иттердің іс-әрекетін көрсетті.
— «Бізге бүгін әскери өмірдің қыр-сырын көруге үлкен мүмкіндік жасалды. Армиямыздың қару-жарағымен, әскери формамен, техникалармен таныстық. Отан қорғаушы сарбаздардың әскердегі дайындығы, шымырлығы, қарумен жұмыс кезіндегі ептіліктері мені қатты қызықтырды. Біздеосындай күшті армия бар екенін мақтантұтамын, болашақта мен де өз Отанымныңалдындағы қасиетті борышымды міндеттітүрде орындауға барамын», — дейді А. Байтұрсынов атындағы мектептің 10 сыныпоқушысы Нарметов Диярбек.
Ашық есік күніне келген мектеп оқушылары сарбаздарға өздерінің ізгі-тілектері жазылған хаттарын алғыс ретінде табыстады.
— «Өзіміз жетекшілік жасайтын мектептің жоғары сынып оқушылары үшін «Ашық есіккүнін» өткізу біздің бөлімде дәстүрге айналған. Бұл өскелең ұрпақты патриотизм рухындатәрбиелеуге және әскери мамандыққақұрметпен қарауға ықпал етеді және сарбаздардың жауынгерлік қызметімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді», – депатап өтті 6698 әскери бөлім командирінің тәрбиежәне әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Арман Утенов.
Шара соңында мектеп ұстаздары әскери бөлім басшылығына жастарға арналған патриоттық шара ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.