Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс. Дамушы елдер арасында осы клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Күн астындағы орын тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуға тиіс. Адамзат өмірінің соңғы он жылдықтары экономика мен тұрмыста түрлі технологиялық үдерістердің күрт қаулап өсуімен ерекшеленеді екен. Солардың алдыңғы қатарында құрылыс саласы да бар. Құрылыстың қарқынды дамуы жер бетінде көптеген жаңа қалалардың пайда болып, олардың санының артуына алып келді. Сонымен қатар, бұрынғы шағын қалалар барған сайын қанатын кең жайып, агломерациялық үдерістерді дамытты. Агломерация сөзін қазақ тіліне тура мағынасында аударатын болсақ, «қосып аламын», «қоршаймын» деген ұғым¬ды білдіреді екен. Қалалардың қарқынды даму нәтижесінде айналасындағы елді-мекендердің сол қалаларға қосылып кетіп жатқан үдерістері біздің Қазақстанымызда да аз емес.
Біз бірінші дәрежедегі мынадай мақсаттарымызды назардан шығармастан, нысаналы әрі шабытты жұмыс істеуіміз керек:
• Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.
• Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.
• Ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету.
• Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.
• Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру.
• Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру.
• Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру. Жалпы ауданы 5 га болатын “Шымкент сити”- да 25 қабатты, 20 блоктан тұратын үшінші мегаполистегі ең биік тұрғын үй кешені бой көтеруде. Құрылыс барысы қарқынды. Жаңа тұрғын үй кешенін көруге қала әкімі М.Әйтенов арнайы барды. Шаһар басшысы мердігер мекемеге нысанның құрылысы барысында туындаған мәселелердің шешімінде жан жақты көмек көрсетілетінін атап өтті. Айта кету керек, кешен жеке инвестор «Capital Invest Construction» ЖШС есебінен жүзеге асырылуда. Құрылыс толық аяқталған жағдайда 120 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 1, 2, 3 блоктардағы 4, 5 қабаттың және 6 блоктағы 10 қабаттың қабырғаларын салу аяқталды. Енді инженерлік желілер тартылып, бөлме аралық қабырғалары қаланады. 1,5 га алаң абаттандырылады. 2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс. Бәсекеге ең қабілетті салаларда біз отандық өндірушілер үшін жаңа нарықтық тауашалар қалыптастыру стратегиясын белсенді әзірлеуге тиіспіз.
Jsk ақпарат