• 25 ноября, 2024 12:21 дп

Шымкентте 78 елдімекен сапалы ауыз сумен қамтылған!

Автор:admin

Окт 3, 2023

Шымкент қаласындағы 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елдімекендері ауыз суды кестемен тұтынады. Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткішін арттыру мақсатында биыл 7 нысанда құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр.  Олар:  Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 екінші кезек, Нұртас ВС, Текесу е/м, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумақтары және Қайнарбұлақ е/м. Ал, Сайрам елдімекенінде құрылыс жұмысын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Құрсай елдімекенінде екі кезеңнен тұратын жобаның 80 пайыздан астам құрылыс жұмыстары аяқталып, 270 шақырым су құбыры орнатылды. Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су құбырын тарту құрылысы 2023 жылға өтпелі. Осы жылдың қорытындысымен  Құрсай,  Асар-2, Текесу елдімекендері мен Нұртас су жинақтағыш имаратының құрылыс жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 99%-ға жетеді. Жоспарға сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары 2023 жылы 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылады. Қорыта айтқанда қазір қаладағы 81 елді мекеннің 78-і су құбырларымен қамтылған. Ал 3 елді мекенге ауыз су кестемен беріледі, 7 елді мекеннің тұрғындары ауыз суды тасымалдап ішеді екен. Өткен жылдың соңына дейін 3 магистралді, 11 ішкі орамдық су жүйелерінің құрылыстары аяқталған. Нәтижесінде су тасымалына тәуелді және ауыз суы кестемен берілетін 9 елді мекен ауыз суға қол жеткізді. Жауаптылар 2023 жылы Шымкент қаласында ауыз су мәселесі толықтай шешіледі сендіріп отыр. Осылайша Қазақстандағы үшінші мегаполис атанған Шымкентте инфрақұрылым мәселесі шешімін тауып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып алдағы жылдары қала тұрғындары тіршілік нәрімен толық қамтылатын болады. Халқымыз ішетін суына да ізет көрсетіп, оны «тіршіліктің көзі деп» әспеттеп, тіпті «Қайғысыз қара суға да семіреді», «Судың да сұрауы бар» деген мақал-мәтелдерді өмірге әкелген. Тіршілік тізбегіне терең үңіліп қарайтын болсақ, бір жұтым судың да қаншалықты қадірлі екенін аңғару қиын емес. Түйткілге айналған таза су мәселесі   де біртіндеп шешіліп келеді.   Шымкент қаласындағы Құрсай шағын ауданына инженерлік-инфрақұрылым тартужұмыстарыжүзегеасуда. 8 мыңға жуық тұрғыныбар шағын ауданды сапалы ауыз сумен қамту үшінқұрылыс жұмыстары 2021 жылы басталған. Жалпыұзындығы 336,5 шақырымды құрайтын су жүйесінтарту жұмысы 2 кезең бойынша жүзеге асырылыпжатыр.

Jsk ақпарат

Автор: admin