• 27 ноября, 2024 5:30 дп

Шымкенттік кәсіпорындар экспорт көлемін ұлғайтты

Автор:admin

Авг 4, 2023

Шымкент қаласы экономикаға айрықша көңіл бөліп отырған мегаполистер қатарында. Қала экономикасы кәсіпорындарға байланысты дамуды жаңғыртты. Шымкент қаласындағы индустриалды аймақтар бүкіл республикадағы өнеркәсіптік кешендердің арасында ең тиімді әрі қайтарымы мол жобалар ретінде мойындалды. Себебі, бұл аймақтарда инфрақұрылым желісін тартуға мемлекеттік бюджеттен жұмсалған әр 1 теңгеге 16 теңгеден жеке инвестиция тартылған.
Қала экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады деп жоспарланған екінші бір жоба – «Стандарт» индустриалды аймағы. Бұл – Қазақстандағы ресми тіркелген алғашқы жекеменшік индустриалды аймақ.  Сонымен қатар осы орайда макарон өнімдерін шығаратын «БАРЫС 2007» ЖШС-і 2007 жылы құрылды. 2009 жылы кәсіпорынды іске қосу іс-шарасына Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы өзі қатысқан болатын. Жобаның ұйымдастырушысы, ауылшаруашылығы саласында және астық өңдеу саласында, диірмен және макарон өндірісін құруда үлкен тәжірибесі бар кәсіпкер – Мұқан Наимбеков. Кәсіпорын Шымкент қаласы Тассай шағынауданында 3,25 га өндірістік алаң сатып алды. 2008 жылы компания төртінші (соңғы) буынды компьютерлендіру деңгейімен жабдықталған, осы салада әлемдік көшбасшы «PAVAN Mapimpiati SPA» итальяндық компаниямен келісімшарт жасасты. Бұл желінің өнімділігі мен IT-технологияларды қолдануы бойынша Қазақстан мен Орта Азияда аналогтары жоқ. «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында цехтың өндірістік қуаты кеңейтілді. Қаражат – жаңа цех құрылысы, жабдықтар сатып алу, қоймаларды қайта құру және айналым қаражатын толықтыру үшін жұмсалды. Жобаны Халық Банкі қаржыландырды. Кәсіпорынның жалпы сатылымының 20 %-ы экспортқа тиесілі. Өндіріс орнының алдағы жоспарларында экспорттық әлеуетті 35% — ға дейін арттыру көзделген. Бүгінгі таңда «БАРЫС 2007» ЖШС – ТМД елдері мен Орта Азия өңірі нарығында үздік макарон өнімдерін өндірушілердің бірі. Заманауи, қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. Кәсіпорынның ашылғанына көп уақыт өтпесе де, шығарылатын өнімнің жоғары сапасы елдің және жақын шет елдердің азық-түлік нарығында сұранысқа ие.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin