Жалған ұтыс ойындары, компаниялардың жалған аккаунттары, тіпті жақын адамдарыңыздан келген хабарламалар — мұның барлығы ақшаңыз бен дербес деректердің жоғалуы тәуекеліне әкелуі мүмкін, деп жазады Jsk.kz ақпараттық агенттігі. Алаяқтар қандай схемаларды қолданады Брендтер мен дүкендердің жалған парақтары Алаяқтар акциялар, лотереялар, сыйлықтар немесе шындыққа жанаспайтын жеңілдіктерге уәде беріп, белгілі компаниялардың логотиптерін, дизайнын және тіпті сайттарының көшірмесін жасап алады. Пайдаланушы ұсынысқа қызығушылық танытқан кезде, олардан сілтемеге өтіп, карта мен құжаттардың деректерін енгізуді сұрайды. Одан кейін ол ақшасынан айырылып, дербес деректері алаяқтардың қолына түседі, ал алаяқтар кредит ресімдеп, қылмыстық схемаларда пайдаланып немесе бопсалауға дейін барады. Шымкент қаласының полициясы 22 жастағы Тараз қаласының тұрғыны мен оның Алматы мен Шымкент қалаларынан келген екі сыбайласын ұстады. Олар шынайы маркетплейстер мен сауда алаңдарындағы фотосуреттер мен тауарлардың карталарының көшірмелерін жасап, әлеуметтік желілерде брендтік аяқ киім мен сөмкелер дүкенінің жалған аккаунтын құрған. Сатып алушылардан алаяқтар тауар мен жеткізу ақысын ақша аударымдары немесе қашықтан шоттар арқылы төлеуді сұратқан. Әрине, адамдарға тапсырыстары келген жоқ, себебі «сатушылар» оларды бұғаттап тастаған. Алайда, сатып алушылар мұнымен келіспей, полицияға шағым түсірген, алаяқтар қолға түсті. Өзіңізді қалай қорғау қажет: дүкеннің аккаунтын тексеріңіз: «қанат белгісінің» болуын, сайтқа сілтемені, байланыстарды, шынайы мекенжайды; тәуелсіз алаңдарда дүкен жөніндегі пікірлерді оқып, зерттеңіз; күдікті сілтемелерге өтпеңіз және картаңыздың деректерін енгізбеңіз; ешқашан белгісіз адамға аударым немесе карта арқылы төлемеңіз — тек ресми сайттар мен қосымшаларды пайдаланыңыз. «Достардан» келетін хабарламалар Бұл, алаяқтардың ең кеңінен тараған, «сүйікті» схемасы, себебі ол көп әрекеттенуді қажет етейді, бұл жерде достары мен туыстарына қол ұшын бергісі келетін адамдардың сезімімен ойнауға болады. Ол келесі схемамен жасалады: әлеуметтік желінің мессенджерінде адамға қарызға ақша бере тұру немесе қызына, немересіне немесе жиеніне қандай да бір байқауда дауыс беру өтінішімен хабарлама келеді. Ал шын мәнісінде оның аккаунты бұзылған болып, әлеуетті құрбанға алаяқтар жазып отырады. Сіз зиянды сілтемеге өте салысымен сіздің барлық деректеріңіз бірден сіздің телефоныңызға, ноутбугыңызға, компьютеріңізге автоматты түрде орнатылатын арнайы қосымшаның немесе вирустың арқасында алаяқтардың қолына түседі. Шынайы кейс: біз атап өткендей, бұл тәсілді алаяқтар ерекше жақсы көреді, және олардың әрекеттерінен зардап шеккендердің саны шексіз. Мысалы, тек өткен жылдың өзінде ғана құқық қорғау органдары Қазақстанда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалған 4 000 астам алаяқтық оқиғаларын тіркеген. Өзіңізді қалай қорғау қажет: егер жақын адамыңыз ақша сұраса немесе сілтеме жіберсе – оған жеке қоңырау шалып, ақпаратты нақтылаңыз; күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, тіпті олар таныстардан және туыстарынан келген болса да; әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде екіфакторлы аутентификация орнатыңыз. Жалған ұтыс ойындары мен лотереялар Әлеуметтік желілерде қомақты ұтыстар беруге уәде ететін ұтыс ойындары мен лотереяларды жарнамалайтын посттарды жиі кездестіруге болады. Әрине, мұндай аккаунтқа жазатын кез келген адам бірден жеңімпаз болады. Бірақ бұл орайда бір түйткіл бар: сізден сыйлық үшін «комиссия» төлеуді сұрайды. Содан кейін сіз ұтысты да, жіберген ақшаңызды да көрмейсіз.
Jsk ақпараттық агенттігі
