• 24 ноября, 2024 6:28 дп

ШЫМКЕНТТІҢ СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ 2 ЖЫЛДА 2,6 МЛРД. АҚШ ДОЛЛАРЫНАН АСТЫ

Автор:admin

Апр 7, 2023

Шымкент қаласының сыртқы сауда айналымы өткен 2 жылдың (2021-2022 жылдар) қорытындысы бойынша 2 млрд. 603,8 миллион АҚШ долларын құрады. Бұған дейін (2019-2021 жылдары) бұл көрсеткіш 1 миллиард 924,8 миллион АҚШ долларын құраған болатын. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан хабарлады. Басқарманың мәліметіне сүйенсек, өткен екі жылда экспорт көлемі 864 миллион АҚШ долларын құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 14,8 пайызға өскен. Ал, импорт 1 миллиард 739,7 миллион АҚШ долларына жетіп, 12,9 пайызға өсіпті. Жалпы, бүгінгі таңда Шымкент қаласының өңдеу өнеркәсібі секторында 54 кәсіпорын өз өнімдерін тұрақты түрде экспортқа шығарып келеді. Шымкент қаласынан экспортталған өнімдердің басым бөлігі Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Түркия, Қытай елдеріне жол тартқан.  Экспортқа бағдарланған жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету, өнімдерін экспортқа жылжыту мақсатында басқарма тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылған.  Атап айтқанда, 2022 жылдың сәуірінде «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы және «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып экспорт жөніндегі өңірлік кеңес өткен. Кеңес барысында қала экспортын дамытуға тосқауыл болатын кедергілер мен шектеулерді жою мәселесі қаралған. Экспорттаушы кәсіпорындар үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліпті. Нәтижесінде «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы шымкенттік 19 компанияның 32 өтінімін мақұлдаған. Отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жеткізу шығындарының бір бөлігін өтеуге 559,6 миллион теңге субсидия берілген. Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың арасында «Бал Текстиль», «Шымкентмай», «Asia Trafo», «Стандарт Цемент» секілді танымал компаниялар бар. Ал, «Kazakh Export» экспорттық сақтандыру компаниясы» шымкенттік 3 компанияның 5,4 млрд. теңгелік 4 өтінімін мақұлдаған. Олар: «Шымкентмай» акционерлік қоғамы мен «AIIG KAZAKHSTAN», «Sweet ldeas-KZ» серіктестіктері. азақстанның мүддесі Еуразиялық одақтың даму стратегиясының жобасына енгізілді. Олар біздің тауарларымыздың Еуразия Экономикалық Қауымдастығына мүше мемлекеттердің нарықтарына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар ол сыртқы сауда дипломатиясы шеңберінде сауда протекционизмімен күресетінін атап өтті. Елдер саяси немесе экономикалық себептер бойынша отандық тауарларға кедергі келтіретін жағдайлар өте көп екен. Мәселен, өткен жылы біз көмірдің Украинаға Ресей аумағы арқылы транзиті кезінде кездескен кедергілер жойылған. Осылайша, көмір экспортының көлемін 40% — ға, яғни 140 мың тоннаға дейін ұлғайту туралы келісімге қол жеткізілді. Қазір АҚШ-пен кремний өндірушілерінің мүдделерін қорғау бойынша келіссөздер жүріп жатыр.Бұдан бөлек сертификаттау мәселесі өте маңызды екенін айтып, сертификаттау саласындағы өзгерістерге тоқталып өтті.

Jsk ақпарат

Автор: admin