• 25 ноября, 2024 10:05 дп

ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ КАТАР ЕЛІНДЕ ТАНЫСТЫРЫЛУДА

Автор:admin

Июн 4, 2022

Қалалық кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында 2017-2019 жылдары 68,0 млрд.теңге сомасына 26 инвестициялық жоба іске асырылып 1643 жұмыс орны құрылды. Катар елінің астанасы Доха қаласында Шымкент қаласының туристік және инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылуда. Қазақстан Республикасынан аталған көрмеге Шымкент қаласының таныстырылуы бойынша Дохадағы ҚР Елшілігінен шақыру хат келген болатын. Осы мақсатта, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов бастаған бірқатар депутат пен Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров, туристік бизнес өкілдері қатысып, қаланың мүмкіндіктерін таныстыруда. “Шымкент — аумағы жағынан Қазақстанда қалалар арасында бірінші, халық саны бойынша үшінші орынды алатын мегаполис. Қаланың географиялық тұрғыда орналасуы да Орталық Азия елдерімен логистикалық байланыс пен экономикалық орталық құруға ыңғайлы. Қалада инвестиция тарту мен кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жағдай жасауға көңіл бөлінген. Осы ретте, өткен жылы тартылған инвестиция көлемі 462 млрд. теңгені құрады. Одан өзге, туризм саласы бойынша да 2021 жылы шетелден келуші туристер саны бойынша Шымкент елімізде 3 орынға ие болды”, — деген Ерлан Ермекұлы Шымкенттің туристік әлеуетін келіп көруге және инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды.  6-9 маусым, яғни 3 күнге созылатын ауқымды іс-шараға әлемнің 40-қа жуық елі қатысып жатыр. Жалпы, “Hospitality Qatar — 2022” — қонақ үй бизнесіне арналған Халықаралық ауқымды көрме болып табылады. Аталған көрме туризм мен қонақжайлылық бойынша перспективті жобаларды жүзеге асыруға арналған, келушілер міндетті түрде көруі тиіс іс-шара ретінде өз орнын тапқан. Ал, Шымкент қаласын таныстыру арқылы  келуші туристер санын арттыруға және жаңа жобалар жасау үшін инвесторлар тартуда маңызды көрме болып саналады. 2019 жылы қала экономикасына 194,5 млрд. теңге инвестиция тартылды, 2017 жылмен салыстырғанда инвестиция көлемі 9% — ға төмендеді. Сыртқы инвестициялардың үлесі 12,2% – ды құрады (2017 жылы – 10,3%, 2018 жылы-4,5%). Қаладағы инвестициялық ахуалды жақсарту үшін 2 индустриалды аймақ (Оңтүстік — 337 га және Тассай — 89 га) және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Аумағы 306 гектар болатын «Жұлдыз» жаңа индустриалды аймағын құру жұмыстары басталды. Болашақта ауыл шаруашылығын қайта өңдеу және «қарапайым заттар экономикасы» жобаларын дамыту үшін агроиндустриалды аймақ құру жоспарлануда. Қаланың индустриалды аймақтарында 7,0 мыңнан астам жұмыс орнын құратын 131,9 млрд.теңге сомасына 126 жоба жүзеге асырылуда. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында құны 29,6 млрд. теңгенің 15 жобасы жүзеге асырылып, сәтті жұмыс істеуде, 1610 жұмыс орны құрылды. 2020 жылы 158 жұмыс орнын құрайтын құны 1 426,0 млн.теңгелік 5 жоба іске асырылды.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin