• 25 ноября, 2024 4:06 дп

Шымкенттің экономикалық дамуы орнықты!

Автор:admin

Апр 2, 2023

Шымкент қаласының экономикасын дамыту бағытында магистральды жолдар мен саябақтарды  абаттандыру және көшелердің тазалығы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардыңда алатын орны ерекше екендігі белгілі. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар ел игілігі үшін экономиканың өсуі үшін түрлі деңгейдегі мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асуда. Шымкент қаласының экономикалық даму перспективаларының алатын орны дамуы орнықты болуы үшін әкімдік аппараты бар күшін салып жұмыс жасауда. Осы бағытта  алдымен  Бозарық айналма жолындағы көріктендіру жұмыстарын тексеріп, мердігерлердің жоспарымен танысты. Мұнда қазір ұңғымалар  орнатылып,  жер қопсытылуда.  Жоба бойынша 13 мың шаршы метр айналма жолдың жиегі қазақы ою-өрнек эскизінде  қызыл сальвия, лимонды тагетис секілді гүлдермен көмкеріледі. Мұрат Дүйсенбекұлы Бәйдібек би көшесіндегі этносаябақта да болып, ұңғымаларды қалпына келтіру жұмыстарын тексерді.  Мұнда алдағы уақытта балалар автодромы орнатылып, шығармашылық орталық ашылады. «Абаттандыру, көріктендіру жұмыстарына жұмылдырылған мердігерлер қала аумағындағы әрбір нысанға арнайы паспорт пен дизайн код жасайды. Ең алдымен ұңғымаларды қайта қалпына келтіреді. Қазір мекемелер қалада жасыл желекті көбейту мақсатында түрлі ұсыныстар беруде.  Мердігерлермен жасалатын келісім шарт мерзімінің 5 жылға ұзартылғаны да олардың жауапкершілігін артырып, жұмыс сапасын жақсартады» — деді қала әкімі. Сондай-ақ Мұрат Дүйсенбекұлы жайлы ортаны дамыту басқармасының қала аумағындағы көшелер тазалығын жақсартуда жоспарларымен танысты. Бұл жұмыстар 5 бағытта жүргізілетін болады. Бірінші санаттағы күре жолдарда  механикалық, санитарлық тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Екінші санаттағы орталық көшелер айына үш рет,  аудандық маңызы бар орталық көшелер айына бес рет арнайы техникалардың көмегімен  жуылады. Қосымша  50 адамнан құралған арнайы бригадалар сенбілік ұйымдастырады. Абаттандыру жұмыстарын тексерген қала әкімі жауаптыларға жасыл желекті көбейтіп, көріктендіру жұмыстарын, көшелердің тазалығын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды. Шымкенттің даму көрсеткішінің әлеуетін анықтау үшін Орта Азиядағы ірі қалалардағы жағдайға талдау жасалған. Анық болғаны – орташа жалақы бойынша да Шымкент қаласының көрсеткіші Ташкент, Бішкек, Душанбе және Ашхабад қалаларынан жоғары. Мысалы, Шымкенттің жалпы өңірлік өнім көлемі 5,3 млрд АҚШ долларын құрап отыр.

Жалпы, Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіші бойынша жыл басынан бергі 10 айда өсім байқалады, деді әкім. Атап айтқанда өнеркәсіп көлемі 383 млрд 600 млн теңгеге жетіп, 104 пайызға өсті.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin