• 23 сентября, 2024 8:18 дп

Шымкенттің экономикасына жеңілөнеркәсіп саласының берері көп!

Автор:admin

Июн 6, 2023

«AZALA Textile» компаниясының мата-тоқыма фабрикасы жылына 2 800 тонна жіп пен 14 миллион метр мата өнімдерін өндіреді. Бұл фабрика — отандық жеңіл өнеркәсіптің көшбасшыларының бірі. Жоғары сапалы өнім шығаратын компания өз тауарларын Латвия, Литва, Германия, Италия, Польша және ТМД-ның бірқатар елдеріне экспорттайды.

Береке ДҮЙСЕБЕКОВ, Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы қз сөзінде былай айтқан болатын:

—Индустриалды аймақтар қала экономикасының дамуына зор үлес қосып жатыр. Олар қала экономикасын өрге сүйреуші негізгі драйвер десек те артық айтқандық емес. Себебі, өндірістік аймақтарда дайын өнімдер өндіріліп, сол шығарылған тауардан түскен пайданың бір бөлігі шаһар бюджетіне салық ретінде түседі. Нақты айтар болсақ, Шымкенттегі қос индустриалды аймақтың территориясы 427 гектарды құрайды. Оған 90 миллиард 100 миллион теңге инвестиция құйылған. Нәтижесінде индустриялық аймақтар құрылғалы онда орналасқан кәсіпорындар 260 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, оның 110,9 млрд. теңгелік өнімін шетелдерге экспорттаған. Индустриалық аймақ қатысушылары 5 500 адамды жұмыспен қамтып, мемлекеттік бюджетке 19,5 млрд. теңге салық төлеген.  Соның нәтижесінде қаланың экономикасы тұрақталып, халықтың жұмысқа орналасуы арқылы әлеуметтік мәселесі шешімін табуда. Мемлекет басшысы өз Жолдауында экономиканы әртараптандыру, өндірілетін тауарлардың түрін көбейтіп, экспорт географиясын кеңейту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Өңдеу өнеркәсібінің экспортын көбейту, еңбек өнімділігін арттыру нәтижесінде қаламыздың өнеркәсіп көлемі жыл аяғына дейін 711,5 млрд. теңгеге жетеді, өндірілген өнімнің 87 пайызын өңдеу өнеркәсібі құрайды. Қаладағы 4 өндірістік аймақта 118 жоба жүзеге асып, 21 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды. Биылғы жылдың өзінде жаңадан 5 жоба жүзеге асып, 203 жұмыс орны ашылды.

Jsk ақпарат

Автор: admin