• 24 ноября, 2024 2:51 дп

ШЫМКЕНТ: АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІ 1 АЙДАН СОҢ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА АШЫЛАДЫ

Автор:admin

Окт 7, 2022

Бүгінде күнделікті қарбалассыз жұмысың бітпейді. Демек, жол- көлік қыжалатын бастан өткер­меген жан кемде-кем. Осы мақаланы жазу барысында респуб­ли­калық, облыстық деңгейдегі күрежолдардың жағдайымен танысуға мүмкіндік туды. Қазақстан Тәуелсіздігінің отыз бір жыл­дығын кешегі кеңестік кеңістіктегі елдер арасында өзін қайта жаңғыру көшбасшысы сапына көтерген түбегейлі саяси және әлеу­меттік-экономикалық реформалар жасау жолындағы ауқымды да зор жетістіктермен қарсы алып отыр. Шымкенттегі “Бәйдібек би” даңғылы мен “Арғынбеков” көшесінің қиылысында жолайрық құрылысы қарқынды жүргізілуде.  Үш деңгейлі жолайрық құрылысы 2022-2023 жылдар аралығында қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асуда. Бұл, өз кезегінде аталған көшеде көлік кептелісін болдырмауға зор септігін тигізеді. Жұмыс барысының кезеңдік кестелерге сәйкестігі мен сапасын тексеру мақсатында шаhар басшысы құрылыс нысанын көріп шықты. Керекті ескертулер жасап, ел игілігіне берілетін нысандағы жұмыстар сапасына деген жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті. Жолайрықтың техникалық сипаттамасына сәйкес, “Бәйдібек би” даңғылында 700 м., “Арғынбеков” көшесінде 921 м. көше аралығы құрылыс аумағына енген. Жоба бойынша ені 80 метрлі төрт-алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселмек.  Қазіргі уақытта “Арғынбеков” көшесі бойымен тіреу қабырғаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Ал “Бәйдібек би”даңғылында көпір өткелінің конструкциялары орнатылуда. Естеріңізге сала кетейік, жолайрықтың “Бәйдібек би” даңғылы бойындағы көлік қозғалысы 6 шілде күні жабылған еді. Кейіннен тамыз айының 31 күні көлік кептелісін азайту мақсатында “Бәйдібек би” даңғылының бойымен бір бағыттағы жол солтүстікке қарай уақытша қайта ашылған болатын.  Құрылыс жұмыстарын ыңғайластыра отырып, жоспар бойынша қазан айының 30-нан бастап “Арғынбеков” көшесі көлік қозғалысына ашылатын болады. Миллиардтап құйылған қаражаты болса да, еліміздегі жол сапасына қазақстандықтардың көңілі толмайды. Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 5 жылдан кейін жолдың 95 пайызы айнадай жарқырап жатады деп уәде беріп отыр. Алайда еліміз жол сапасы бойынша әлемдік рейтингте 141 елдің ішінде 93-орында. Жуырда «Большая неделя» студиясында елдегі жол мәселесі талқыланып, жұрттың сыны мен тілегі шенеуніктердің құлағына жетті.

Jsk ақпарат

Автор: admin