• 21 ноября, 2024 12:44 пп

«ШЫМКЕНТ БАРЫСЫ – 2022» ТУРНИРІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ.

Автор:admin

Июн 5, 2022

Спортпен әуестенетін адамдардың қатарына кіремін. Күн сайын таңертеңгілік жаттығулар жасаймын, бұл маған сабаққа барар алдында ұйқымды ашуға көмектеседі. Бос уақытымда, достарыммен бірге коньки тебуге және жүзуге барып тұрамын. Осының арқасында денсаулығым жақсарып, сирек ауратын болдым. Ғалымдардың айтуынша, күніне 30-40 минут уақытыңды спортқа бөлсең, ауруға шалдығу қаупі 30%-ға азаяды. Спорт жаттығулары ағзаның иммунитетін көтереді, сол себепті спортпен шұғылданатын адамдар, вирустық инфекцияларға бейім болмайды. Физикалық белсенділік қан тамырларына жағымды әсер етеді. Жүрек – дененің ең маңызды органы, оның дұрыс жұмыс істемеуі, ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Күнделікті жаттығулар – жүрек-тамыр жүйесінің қызметінің жақсаруына кепілдік береді. Сондай-ақ, жаттығулардың көмегімен, қарт адамдардың буыны мен бұлшықеттері күшейеді. Барлығы спортпен айналысуы керек, әсіресе денсаулығы нашар кісілер. Бүгінгі таңда көптеген спорт секциялары бар, ол жердегі тәжірибелі жаттықтырушы, сізге ұнайтын жаттығу түрін таңдап береді. Салауатты өмір салтының қарапайым қағидаларын ұстанатын болсаң, денсаулығынды нығайтып, өміріңді ұзартуға мүмкіндік аласың. Сонымен бірге, дұрыс тамақтануды, ұйқының жақсы болуын және таза ауада серуендеуді ұмытпаған жөн. Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, т.б. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да  енгізілген. Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды. Күнде тәңертең ерте тұрып, «Балапан» телеарнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймын. Аптасына үш рет «каратэ» спорттық секциясына барамын. Өзіммен қатар құрдастарымды спортпен айналысуға шақырамын. Денсаулық-зор байлық.Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу. Шымкентте «Қала күніне» орай қазақша күрестен «Шымкент барысы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Белдесуде 90 келіден астам салмақ дәрежесінде 26 балуан күш сынасты. Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» республикалық турниріне жолдама жеңіп алған спортшыларымыз анықталды. Жүлделі 1-орын алған Мұзаппаров Ерсұлтан және де 2-орынға ие болған Темірхан Нұрсат «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алды, спортшыларымыз қала намысын қорғайтын болады. Қазақ күресі Федерациясы тарапынан Мұзаппаров Ерсұлтанға автокөлік сыйлық берілді, Темірхан Нұрсат спортшымызға қаржылай 350 000  тенге, 3-орын иегері Қожагелді Нұрсұлтанға қаржылай 150 000 тенге сыйлық табысталды.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin