Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарасты «Диспетчерлік қызмет орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020 жылғы 06 наурызда құрылған. Мекеме құрылғаннан бастап қаладағы жолаушылар тасымалының инфрақұрылымындағы жаңарту мен күрделі өзгерістерге байланысты қалалық маршрутардың қозғалысының жобалары және жүру сызбалары дайындаумен айналысады. Қаладағы жол саласындағы ауқымды құрылыстардың масштабын ескере отыра, осы күнге дейін 1000-ға жуық маршрут қозғалысының кестелері құрылған. Жалпы, мемлекеттік мекеме кызметінің мәні шаһардағы қоғамдық көліктерге диспетчерлік қызмет көрсету, кестені сақталуын үздіксіз бақылау және маршруттар бойынша автобустардың және шағын автобустардың қалаларда, қала маңындағы үздіксіз және тұрақты қозғалысың қамтамасыз ету үшін жедел реттеу, сондай-ақ технологиялық процестегі көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалдауды үйлестіру болып табылады. Аталған мекеменің тағы бір қызметі ол – диспетчеризация Диспетчерлік бақылау жұмыстары толық автоматты басқару жүйесі арқылы іске асырылады. Операторлар қоғамдық коліктерде орнатылған GPS-құрылғылар арқылы нақты уақыт режимде үздіксіз берілетін ақпарат арқылы көліктердің бекітілген сызба бойынша жүруін, сызбадан тыс шығуы, GPS-құрылғыларының дұрыс жұмыс жасамауы секілді жағдайларды бақылайды. Егер автобус жүргізушісі жол ережесін бұзған жағдайда, Диспетчерлік қызмет орталығы тарапынан басқармамен бірлесе қатаң шара қолданылады. Бұл қоғамдық көлік саласыны жолаушыларды тасымалдау қызметін жақсарту мақсатында жасалып жатқан шаралар. Қазақстандағы цифрландыру – Қазақстан экономикасын дамыту қарқынын жеделдетуге және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға арналған үдеріс. Қазақстандағы цифрландыру бағыттары: • ел экономикасының басты салаларында цифрлық технологияларды әзірлеу, енгізу және дамыту; • қазақстандықтарға Интернет және 4G (болашақта 5G) мобильді байланысына барлық жерден кеңжолақты қолжетімдік ұсынатын инфокоммуникациялық инфрақұрылымды кеңейту; • онлайн ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мен санын арттыру. Бұл бюрократия мен жемқорлықты төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік органдарды неғұрлым тиімді және ашық етуге мүмкіндік береді; • электронды коммерцияны дамытуға белсенді ықпал ету арқылы кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар жасау; • отандық ІТ секторды дамытуға, сондай-ақ Қазақстандағы білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыруға ықпал ететін, халықтың жалпы цифрлық сауаттылығын арттыру. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. 2017 жылғы бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бес негізгі бағыты бар: 1. Экономика салаларын цифрландыру – озық технологиялар және мүмкіндіктерді пайдалана отырып, капиталдандырудың өсуі мен еңбек өтімділігін арттыратын ҚР экономикасының әртүрлі салаларын қайта құру. Міндеттері: Өнеркәсіпті және электр энергетикасын цифрландыру; Көлік пен логистиканы цифрландыру; Ауылшаруашылығын цифрландыру; Электронды сауданы дамыту; Қаржылық технологиялар мен қолма-қол ақшасыз төлемдер. 2. Цифрлық мемлекетке өту – халық пен бизнестің сұранысын алдын ала болжай отырып, қызметтер көрсету үшін мемлекеттің инфрақұрылымын қайта құру. Міндеттері: Мемлекет – азаматтарға; Мемлекет – бизнеске; «Ақылды» қалалар. 3. Цифрлық Жібек жолын іске асыру – деректерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдықтағы және қорғалған инфрақұрылымын бүкіл аумақты дамыту. Міндеттері: Еліміздің барлық аумағында байланыс желілері мен АКТ инфрақұрылымын қамтуды кеңейту; АКТ саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Jsk ақпарат