• 26 ноября, 2024 11:49 дп

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫНАН 10 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Автор:admin

Апр 4, 2024

 

Бүгін су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге Шымкент қаласынан арнайы 10 тонна зат тиеген жүк көліктері жолға шықты.

Еліміздің бірнеше өңіріндегі су тасқынына байланысты Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының ғимаратында елдегі жағдайға байланысты 29 наурыздан бастап гуманитарлық көмек қабылдайтын бекет іске қосылған болатын. Сол уақыттан бастап, қаланың бей-жай қарамайтын тұрғындары дәрі-дәрмек, азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық керек-жарақтарды жинау заттарына атсалысты.

Гуманитарлық көмек жинауға кәсіпкерлер, қала жастары(оқу орындары) мен қала тұрғындары өз үлестерін қосып, қажетті гуманитарлық заттар жинау жұмыстарына көмектесті.

Арнайы ашылған бекет жанынан құрылған 130-ға жуық еріктілер тобы күнделікті жиналған қажетті заттарды сұрыптап, арнайы қорапта жинақтап отырды.

Автор: admin