• 25 ноября, 2024 1:43 пп

ШЫМКЕНТ: КЕЛГЕН ТУРИСТТІ КҮТІП АЛУ ҮШІН ДЕ БІЛІКТІЛІК КЕРЕК

Автор:admin

Сен 4, 2022

Шымкент – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қала б.з.д. II ғасырда салынған. Шымкент қаласы Ұлы Жібек Жолы керуен көшінің жолында орналасқан. Көптеген жылдардан бері көне қалада ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, шетелден келетін туристердің санында шек болмайды. Халық санының көлемі жағынан Шымкент қаласы бүкіл республика бойынша үшінші орында. Алайда, бейресми мәліметтер бойынша, Шымкент қаласында халық саны әлдеқайда көп. Себебі, қалада алыс-жақын шетелден келген, тіркеуден өтпеген мигранттар тұрады. Шымкент қаласы – қазақ елінің сауда, мәдениет, өнеркәсіп орталықтарының бірі. Қалада қазақ, славян, өзбек, татар, неміс, еврей, корей, поляк, башқұрт, әзірбайжан т.с.с. 19 ұлттың мәдениет орталықтары жұмыс істейді. Қаланың көрікті мекендерінің бірі — орталық саябақтар. Үш саябақ 19-ғасырда салынған. Бір саябақ Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония аясында орналасқан. Сондай-ақ, Абай атындағы демалыс және мәдениет саябағы, «Кең-баба» этнография саябағы, Дендро саябақ, зообақ, ипподром, «MegaCenter» ойын-сауық және сауда кешені, «Nimex Land», «Бамзик» ойын-сауық орталықтары қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалысы үшін үздіксіз қызмет көрсетеді. Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен гид-экскурсоводтар мен қонақ үй қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтуде. Іс-шараның басты мақсаты — туризм саласындағы мамандардың қызмет көрсету сапасын жақсарту және білімін жетілдіру. Семинар тренингті бизнесті дамыту бойынша кеңесшілер, сату және брендті нарықта ілгерілету, топ позицияларында ұзақ жұмыс өтілі бар сертификатталған Түркия, БАӘ, Өзбекстан елінен келген шетелдік коуч мамандар мен жергілікті білікті практиктер жүргізуде. Аталған мамандар экскурсия жетекшілеріне саладағы жаңа әдістер, өзге елдер практикасы мен гидтердің негізгі қасиеттері туралы айтса, қонақ үй әкімшілеріне менеджмент, нақты нәтижелерге қол жеткізу секілді ақпараттар беруде.  «Шымкентке биыл 3 айда 97 501 турист келген. Бұл көрсеткіш өңірімізде туризм саласының қарқынды дамып жатқандығын айқындайды. Келген туристі алдымен күтіп алатын қонақ үй өкілдері мен олардың қаланы танып-білуде экскурсия жүргізушілерінің біліктілік дәрежесі аса маңызды. Бүгінде Шымкентте арнайы білім бар, сертификатталған 80-ге жуық гид-экскурсовод бар. Сала өкілдерінің білімдерін жетілдіру арқылы қаланың туристік әлеуетін көтере отырып, туристердің сапалы демалуына жағдай жасаймыз» — дейді «Visit Shymkent» туристік ақпарттық орталығының жетекшісі Ерлан Умаров. Аталған семинар-тренинг 5 күнге созылмақ. Шара соңында қатысушыларға сертификат табысталады.

Jsk ақпарат

Автор: admin