• 22 ноября, 2024 6:12 пп

Шымкент кәсіпкерлерін қолдау – ел экономикасына үлес!

Автор:admin

Апр 2, 2023

Бірінші кезекте біз жұмыс орындарын сақтап қалуға, жаңа жобаларда мейлінше жұмыс орнының көп болуына баса назар аударудамыз. Себебі, әрбір жұмысшы – бір отбасының асыраушысы. Қиын жағдайда әр үйге аз да болса табыс кіріп тұрғаны әлеуметтік жағдайды әлсіретіп алмауға кепіл бола алады. Бұл мақсатта шырайлы Шымкент қаласында түрлі кәсіпкерлік бағыттарға арналған мемлекеттік бағдарламалар жүйелі жұмыс жасауда. Айта өтейік шаһар басшылығы ірі өнеркәсіп иелері мен ғана емес орта және шағын бизнес өкілдерін қолдау мақсатында да қолдау шараларын жүзеге асырып отыр. Меморандумдарға қол қойылып, еңбекті шарттар түзілген. Пандемия салдарынан экспорттың шектелуі, тұтыну нарығының кең қанат жая алмауы өңдеу өнеркәсібі тауарларына деген сұранысты азайтқаны рас, бірақ бүгінгі күні бұл күрмеулі мәселелер өз шешімін тапқан.  Дегенмен, Шымкентте өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салаларында өсу динамикасын байқауға болады. Мысалы, фармацевтика өнеркәсібі 66,1%-ға, машина жасау 38,6%-ға, тамақ өнеркәсібі 18,4%-ға, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру 10,3%-ға, металлургия 2,6%-ға өсті. ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 366,9 млрд. теңгеге 5 мыңнан аса жаңа жұмыс орны мен 45 жоба 5 жылдыққа іске асады. Оның ішінде бүгінгі таңда 22 жоба іске қосылып, 1 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылды. Әрине, іске қосылған жобалардың ішінде әсіресе, дизельді генераторлар шығаратын «New technology Ltd» ЖШС-ін, қантты және қатты печенье өндірісі желісін қосқан «Рахат-Шымкент» ЖШС-ін, жазу қағаздарын шығаратын «Qagaz ordasy» ЖШС -ін атар едім. Бұлардың бәрінде де кемі отыздан астам жұмыс орны ашылды. Ал, шоколадты кәмпиттер мен сағыз шығаратын «NURTAU distribution company» ЖШС -і 60 жұмыс орнын ашса, дымқыл майлықтар шығаратын «DALSAN (ДАЛСАН)» ЖШС 40 адамды жұмыспен қамтып отыр. кәсіпкерлікті дамыту барысында біз әсіресе қалаға жаңадан қосылған елді мекендердің әлеуетін тиімді пайдалануға басымдық берудеміз. Ол бірінші кезекте жылыжай шаруашылығын өркендету, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру, сүт өнімдерін өңдеу өндірісіне көңіл бөлу. Бұл орайда былтыр «Taza Onim» ЖШС-нің жылыжайы ашылды. Сүт өңдеп, ірімшіктің түр — түрін шығарып отырған «Эм-Нұр» ЖШС-нің құны 600 млн. теңгелік жаңа жобасы іске қосылғанын да айта кеткім бар. Сонымен бірге еліміз түгілі шетелдерге қазақ кілемі брендімен танымал «БалТекстиль» фабрикасы жаңадан «Бал Декор» принт кілемдер мен кілемшелер өндірісі жобасын іске қосып отыр.

Jsk ақпарат

Автор: admin