ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру, саяси реформаларды түсіндіру бойынша Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Ербол Байқонысов аудан тұрғындарына жаңа экономикалық саясат, адам капиталын дамыту, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, саяси реформаларды жан-жақты түсіндіріп берді.
– Мемлекет басшысы өз Жолдауында ел дамуының алдағы басым бағыттарын жүйелі түрде белгілеп берді. Қазіргі таңда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі бойынша жұмысты жандандыру қажет. Қала және аудандық деңгейде қоғамдық қабылдаулар жүргізілуде. Халықтың талап-тілегін басты назарға алып, тұрғындардың әлеуметтік мәселелелерін шешу міндеті тұр. Қандай мәселе болса да біз тыңдауға дайынбыз, – деді Ербол Рәбілұлы. Елімізде тұтастандырылған экономикалық кеңістік құрылып, билік тармақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасып маңызды конституциялық және саяси реформалар жүргізілді. Бүгінгі таңдағы әлемде болып жатқан өзгерістердің сипаты жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Енді екі-үш жылдан кейін елімізде тәуелсіздіктің екінші буыны дүниеге келеді. Қазіргі кезеңде еліміздің алдында тұрған басты мақсат – жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан жиырма бірінші ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған елінің қатарында болуы тиіс. Дамудың қазақстандық үлгісі – жаңа саяси бағыттың негізі іргетасы болып қаланды. Тәуелсіз Қазақстанның стратегиялық бағдарламасында әлеуметтік өркендеудің жаңа межесі ретінде 2050 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтуы бекерден-бекер емес. Өркениетті елдердің даму үлгісінде мұндай ұзақ мерзімді даму бағдарламасын қабылдау бар. Дәл осындай бағдарламаны ғаламдық саяси институт БҰҰ қабылдаған. «2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының әлемдік даму тенденциясы» – деп аталады. Сондай-ақ, «Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын» жариялаған. Қазақстан Республикасы 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді межелеп отыр. Бұл ғылыми негізделген қаржылық және кадрлық ресурстармен тиянақталған қол жеткізуге мүмкіндіктеріміз бар мақсаттар. Стратегиялық бағдарламаны жүзеге асыруда әрбір қазақстандық азаматтың еншілес үлесі бар. Қазақстан халқын бір ортаға топтастыратын саяси мәні зор «Қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты бағдарламада әлеуметтік-саяси дамудың «қазақстандық үлгісін» демократиялық жолмен өркендетудің негізгі тетіктері көрсетілген. Қазақ елінің басты мақсаты – дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру болып табылады. Ербол Байқонысов ендігі кезекте «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстанып, Әділетті Қазақстанды құруға өз үлесімізді қосуға шақырды. Аудан тұрғындарының көкейдегі сауалдарына жауап берді.
Jsk ақпарат