• 25 ноября, 2024 4:54 пп

ШЫМКЕНТ: СЕССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ҚАЛА БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ

Автор:admin

Окт 18, 2023

 

🔷 Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен бүгінгі сессияда бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Отырыста мегаполистің 2023 – 2025 жылдарға арналған бюджеті нақтыланып, бюджет 662 млрд теңге көлемінде бекітілді. Оның 28,5 пайызы даму бюджеті, 1,5 пайызы ағымдағы шығындарды құрайды. Қаражат ең алдымен, халықтың өзекті мәселелерін шешуге, тұрмысын жақсартуға жұмсалады.

🔷 Сондай-ақ жиында қолайлы инвестициялық орта қалыптастыруда атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Биыл мегаполис экономикасына 434,3 млрд теңге инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 721,7 млрд теңгеге жеткізіп, өткен жылмен салыстырғанда 32 пайызға арттыру жоспарлануда.

🔷 «Бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жалғастырамыз. Осы ұсыныстарды қарап, қолдағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Қаламызды дамытуда өздеріңізбен бірлесе жұмыс жүргізетін боламыз», — деді қала әкімі.

🔷 Сессия соңында қала басшысы Азия Ойындарының алтын медаль жүлдегерлерін дайындаған жаттықтырушыларды Шымкент қаласының «Құрмет» грамотасымен марапаттады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin