Құрметті Шымкенттіктер!
2023 жылғы 19 НАУРЫЗДА Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау өтеді.
Сайлауда дауыс беру құқығына он сегіз жасқа толған Республика азаматтары ие.
Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7.00-ден бастап кешкі 20.00-ге дейін өткізіледі.
Шымкент қаласының тұрғындары өздерінің сайлау учаскелері туралы ақпаратты 109 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы біле алады!
Орталық мамандары 24/7 қызмет етеді.