• 25 ноября, 2024 8:41 пп

ШЫМКЕНТ: ТАТУЛЫҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ  —  БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ ЕЛ ҮШІН

Автор:admin

Сен 7, 2022

Біз өз болашағымызды дербес, сындарлы және батыл түрде қалыптастыра бастадық. Енді, Қазақстанда жаңа жетістіктер үшін берік іргетас қаланған кезде, біз өз мүмкіндіктеріміздің көкжиектерін кеңейтудеміз. Біз өзіміздің бәсекелестік артықшылығымызды нақты сезінеміз және оларды экономикалық және әлеуметтік табыстарға қалай айналдыру керектігін білеміз. Біз зор аумаққа, бай табиғи ресурстарға, кең ауқымды ауылшаруашылық алқаптарына және жел мен күн энергиясын дамытудың айтарлықтай әлеуетіне иеміз. Біз макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз еттік. Біз өз болашағымызды дербес, сындарлы және батыл түрде қалыптастыра бастадық. Енді, Қазақстанда жаңа жетістіктер үшін берік іргетас қаланған кезде, біз өз мүмкіндіктеріміздің көкжиектерін кеңейтудеміз. Біз өзіміздің бәсекелестік артықшылығымызды нақты сезінеміз және оларды экономикалық және әлеуметтік табыстарға қалай айналдыру керектігін білеміз. Біз зор аумаққа, бай табиғи ресурстарға, кең ауқымды ауылшаруашылық алқаптарына және жел мен күн энергиясын дамытудың айтарлықтай әлеуетіне иеміз. Біз макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз еттік. Біз әлемдегі дамудың түрлі нұсқаларына дайын тұрып, неғұрлым дамыған отыздыққа ену жөніндегі мақсатқа жету үшін икемді саясат қалыптастыруымыз қажет. Беймәлім әлемде табысқа жетудің кілті болып жатқан өзгерістерге сай тез әрі дұрыс әрекет ету және әлем қалай тез өзгерсе, дәл солай өзгеру мүмкіндігінде жатыр. 2050 жылы әлемнің қандай боларын ешкім де дәл болжап айта алмайды. Кейбір елеусіз оқиғалардың трендтер күйінде қалыптасып, ал кейбір трендтердің күтпеген жерден, мүлде беймәлім жақтан шыға келуі мүмкін. Осы мақсатта бүгін   «Жалпыұлттық бірлік – қуатты мемлекет болудың басты кепілі» атты тақырыпта Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» мекемесінің қызметкерлерімен   жиын өтті. Кездесуге қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы А.Исаева қатысты. Ол ұлттық бірегейлік пен Қазақстан халқының бірлігін, тұрақтылығын сақтауға бағытталған тақырыпта баяндама жасап, қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Тәуелсіздік кезеңіндегі табыстарға береке-бірліктің арқасында ғана қол жетті.  Бұл-егемен еліміздің баға жетпес байлығы. Сондықтан бұл қастерлі құндылықтар әрдайым айнымас темірқазығына айналған. Ал ішкі саяси тұрақтылық — әрбір қазақстандықтың зор жауапкершілік пен белсенділік танытуының нәтижесі. Жиынынға қатысушылар да осы құндылықтар жөнінде өз ойларын жеткізіп, пікір алмасты.

Jsk ақпарат

Автор: admin