• 26 ноября, 2024 12:33 пп

ШЫМКЕНТ: Тұран ауданындағы 9-дан астам көше жарықтандырылады

Автор:admin

Окт 9, 2023

Қазіргі таңда 9 көшеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Құрсай шағынауданында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға басымдылық беріледі. Бұл туралы Тұран ауданының әкімі Боранбай Болатбеков атап өтті. – Биыл Құрсай елді мекеніне баса назар аударып отырмыз. 2023 жылы елді мекенде 40 көшеге шағал тас, 13 көшеге асфальт төселеді. 5 балалар ойын алаңшасы, 3 спорт алаңшасы салынады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында биыл 22 көшені жарықтандырамыз. Қазіргі таңда 9 көшеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жалпы ауданда 10 спорт алаңша, 13 балалар ойын алаңшасының құрылысы жүргізіледі, – деді аудан әкімі. Сондай-ақ, аудан аумағында Құлантөбе көшесінде Бәйдібек би даңғылы, № 246 үйдің ауласында балалар ойын алаңшаларының құрылысы бастау алды. Ол нысандар биыл тамыз айында пайдалануға беріледі. Одан бөлек, Тұран ауданы Құрсай шағынауданында тәулігіне 450 адамды қабылдайтын жаңа емхана құрылысы қызу жүріп жатыр. Нысан құрылысы 100 пайыз жеке инвестиция есебінен салынып жатыр. Бас мердігер – «Hi-tech building» ЖШС. Жеке инвестор Балтабай Асанов жаңа нысанды 2024 жылдың I тоқсанында тапсыру жоспарда екенін мәлімдеді. Айта кетейік, биыл Құрсай елдімекені сапалы ауыз сумен толық қамтылады. Тұран ауданы аумағындағы Құрсай елді мекенін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарының 2-кезеңі 2021 жылы басталған. Бүгінге дейін ұзындығы 151 шақырым су құбырының 92%-ы тартылған. Биылғы маусым айында қолданысқа берілетін нысан шағынаудандағы 22 мыңнан астам абонентті сапалы тіршілік нәрімен қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінде ауданды ауыз сумен қамту көрсеткіші 99,5% құрап отыр. Сонымен қатар, қазіргі таңда Құрсай елдімекенін табиғи газбен және жарықпен қамту үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Жыл соңына дейін басталатын құрылыс жұмыстарын алдағы жылы аяқтау жоспарлануда. Қала әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 104 көшеге жарықшамдар қойылды. Нәтижесінде бүгінде 747 көшенің 324-і жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 43,4 пайызға жетті. Қосымша 12 көшенің жарықшамы қайта жөнделді. Биыл да аталмыш жоба аясында 102 көше жарықтандырылмақ. Жұмыстар кезең-кезеңімен жыл соңына дейін жүргізіледі. Нәтижесінде қорытындыға сәйкес Шымкент көшелерінің 57 пайызын түнгі жарықпен қамту жоспарланған. 2023 жылы 106 көшені жарықтандырып, қамту көрсеткішін 70 пайызға өсіру жоспарға қойылған. Айта кетейік, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2021-2023 жылдары 312 көшені жарықтандыру жоспарланған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен қалаларда тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орынау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі «Шымкент қаласын жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасын әзірлеген.

Jsk ақпарат

Автор: admin