• 16 ноября, 2025 4:59 дп

Шымкент университетінің «Құқық және тарих» кафедрасында ерекше мазмұнды кездесу өтті.

Автор:admin

Окт 18, 2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында: «Біз ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Ауқымды саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асыру аса маңызды» деген болатын. Тарихи референдум арқылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, саяси реформалар басталғалы бері де екі жылдан аса уақыт өтті.  Бүгінгі таңда елімізде интернет-алаяқтықтың алдын-алу шаралары бойынша құқық қорғау органдары тарапынан «Әділетті Қазақстанды» құру жолында кешенді бағдарламалар қабылданған. Жалпы алаяқтық – әділетті қоғамның қас жауы. «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстанған мемлекетте тұрғындардың қалтасына қол салатын мұндай өрескел қылмыстарға жол берілмеуге тиіс. Өкінішке қарай, құқық қорғау органдарының жан-жақты алдын алу жұмыстарына қара­мас­тан, әзірге бұл кеселдің тамырына балта шабылды деуге ерте. Оның себебі – халықтың да құқықтық сауатының төмен болуы. Осы орайда Шымкент қаласында  Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының аға оқытушысы, полиция полковнигі Маймақов Айболат Тілеубайұлы «Құқықтық сана, ұлттық мінез, интернет-алаяқтық» тақырыбында «Шымкент Университеті» ғимаратында әсерлі дәріс оқыды.  Дәріс барысында қатысушылар құқық пен руханияттың, ұлттық мінез бен адамгершіліктің өзара байланысын терең түсінді. Осындай кездесулер – болашақ заңгерлердің ой-өрісін кеңейтіп, елге қызмет етуге деген сенімін нығайтады. Құқықтық саясат заң тетіктерін мақсатқа сай пайдалануға, адами құнды­лық­тарды ескере отырып, қоғамда тәртіптің сақталуына басымдық береді. Ол үшін мемлекет халықтың құқықтық сауатын дәйекті түрде арттырып келеді. Мәселен, Шымкент қаласында  «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні», «Тегін заң көмегі күн­дері» акциялары тұрақты өт­кізіліп келеді. Республиканың бар­лық өңірінде 100 мыңнан аса адам­ды қамтитын 1 310 консуль­тативтік-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin