• 10 сентября, 2025 8:53 пп

Шымкент экономикалық дамып келе жатқан —  ірі инвестициялық — агломерациялы қала

Автор:admin

Авг 16, 2025

Еліміздің оңтүстігінде орналасқан ең ірі мегаполистердің бірі шырайлы Шымкент. Қаланың дамуы оның жетістіктері мен даму динамикасы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының жіті бақылауында. Шаһар сауда-саттық пен инвистицияның орталықтандырылған жүйесіне ұмтылатын агломерация. Мегаполистің экономикалық көрсеткіші күннен-күнге өсу үстінде. Бүгінде 2025 жылғы қаңтар-наурызда жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 1048329,7 млн. теңгені құрады. 2024 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 6,6% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 28,3%, қызметтер көрсету – 63% құрады. Тұтыну баға индексі 2025 жылғы шілдеде 2024 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107,6% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 9,8%, азық-түлік емес тауарлар – 4,5%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 8,4% өсті. 2025 жылғы шілдеде 2024 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 5,7% өсті. 2025 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда көлемі 652441,7 млн. теңгені құрады немесе 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 15,1% көп. 2025 жылғы қаңтар-шілдеде көтерме сауда көлемі 1151043,2 млн. теңгені құрады немесе 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 124% құрады. Алдын ала деректер бойынша 2025 жылғы қаңтар-маусымда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 262,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 20,1% азайды, оның ішінде экспорт – 61,1 млн. АҚШ долларын (2,3% көбейді), импорт – 201,5 млн. АҚШ долларын құрады (25% азайды). Экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты – индустриалды-инновациялық экономика құру. «Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында көзделген экономикалық даму бағыты.  Соңғы жылдары Шымкент қаласының экономикасы қарқынды дами бастады. Бұл оның «республикалық маңызға ие дербес қала» мәртебесіне ие болуы әсер еткені анық. Сондай- ақ қаланың ерекше белгілерінің бірі – географиялық орналасуы. Қала маңызды көлік жолдарының қиылысында орналасқан, бұл тиімді сауда мен әртүрлі аймақтармен байланыс орнатуға ықпал етеді. Дамыған логистикалық инфрақұрылымның арқасында Шымкент логистикалық бизнес пен транзиттік сауда ағынының орталығына айналуда, бұл қалаға нарықта бәсекелестік артықшылық береді. Сонымен қатар, Шымкентте инновациялар мен жоғары технологиялар белсенді дамып келеді. Инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар, білікті кадрлардың болуы және дамыған ғылыми база инвестициялардың келуіне және заманауи жоғары технологиялық кәсіпорындардың құрылуына ықпал етеді. Инновацияның бұл өсуі Шымкенттің және жалпы Қазақстанның экономикасының дамуына зор үлес қосуда. Шымкент экономикасының негізгі салаларының бірі – өнеркәсіп. Мұнда металлургиялық өнімдер, құрылыс материалдары, тамақ өнеркәсібі және тоқыма өнеркәсібі дамыған. Өнімдерінің жоғары сапасы мен халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің арқасында шымкенттік кәсіпорындар өз өнімдерін түрлі елдерге сәтті экспорттауда. Шымкент экономикасының дамуында туризмнің де алатын орны зор. Қала жыл сайын мыңдаған туристерді тартатын тарихи және мәдени көрікті жерлерге бай. Сәулет ескерткіштері, мұражайлар, саябақтар және бірегей табиғи нысандар келушілерге осы аймақтың бай және көп қырлы тарихына сүңгуге мүмкіндік береді. Туризмнің дамуы жұмыс орындарының көбеюіне, халық табысының артуы. Осылайша, Шымкент ілгері дамып келе жатқан экономикалық дамушы қала ретінде аймақтағы позициясын нығайта түсуде. Кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдайлар, экономика салаларының сан алуандығы және инфрақұрылымның белсенді дамуы Шымкентті инвестиция мен бизнес үшін тартымды орынға айналдырады.

Бұл қала Қазақстанның жетекші орталықтарының біріне айналуға дайын екенін көрсетіп, экономикалық прогресс пен дамудың туын мақтанышпен көтеріп келеді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin