• 24 ноября, 2024 1:13 дп

ШЫМКЕНТ ЭКОНОМИКАСЫ: БАСЫМДЫҚ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕ!

Автор:admin

Май 15, 2023

Шымкент мегаполис болғанмен оның экономикасына әсер етуші агроөнеркәсіп саласы. Қалада бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Соның бірі аграрлық мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жұмысын атап айтуымызға болады. Өңір экономикасының драйвері – агроөнрекәсіп саласы. Шырайлы қаламызда  жылыжай саны көп, онда Қазақстанның барлық өңірі мен шет елге жөнелтілетін көкөніс өсіріледі. Агроөнеркәсіп кешенінің жобаларына да сұраныс жоғары. Палата сарапшылары былтыр Шымкенттің егістік жерлерінен 1 млрд 100 млн теңгеге жүзеге асырылатын 108 жобаны сүйемелдеп, мақұлдатты. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы құрылған 640 ауыл шаруашылығы кооперативінің 121 жобасын сүймелдеу, құру, тіркеу, қаржыландыру алы жұмыстарына көмектесті. Аталған кооперативтерге 1742 шаруашылық субъектісі қатысты. Негізгі шаруашылық қызметін атқаратын әрі өндірістік процес пен қаржы алуды ұйымдастыру процесін жеңілдететін брендтік өндірістерден соң қосалқы шаруашылықтардың кооперация құруға деген қызығушылықтары артты,   Инвестиция тарту және шетелдік инвесторлармен жұмысты ұйымдастыру үшін облыста «KAZAKH INVEST» ұлттық компанияның өңірлік өкілдігі ашылды. Отандық тауар өндірушілердің экспортын қолдау және дамыту үшін KazakhExport қаржылық-сақтандыру өнімдері және Қазақстанның сыртқы сауда палатасының сауда миссиясы, салалық көрме және отандық  тауар белгісін шетелдік нарыққа қатысу желісі бойынша жұмыс күшейтілген. Бүгінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ішкі нарықты зерттеп, бизнестің жаңа бағытына ден қоюды қолға алды. Шымкенттің мегаполиске айналуы – ең алдымен, бизнеске берілген үлкен мүмкіндік, бұл мүмкіндікті пайдалану керек деп есептейтін Палата басшысы Асқар Әбубәкіров. Кәсіпкерлер палатасы бизнеспен айналысуға барынша оңталы жағдай жасауға күш салатынын да нықтап айтқан болатын.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin