• 25 ноября, 2024 4:28 пп

ШЫМКЕНТ: «ІСКЕР ҚАЛА»: КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖАЛДАУ АҚЫСЫНЫҢ 75 % МЕМЛЕКЕТТЕН ТӨЛЕНЕДІ

Автор:admin

Май 10, 2023

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов өнеркәсіптік парктерді аралап, кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

SILKWAY ALLIANCE паркінде бүгінде 6 кәсіпорын шоғырланған. Мұндағы өндіріс ошақтары тұрмыстық химия, трансформаторлық жиһаздар мен полиэфирлі шайырдан жасалған бұйымдар өндірумен айналысады. Мұрат Дүйсенбекұлы өндіріс  ошағын аралап, кәсіпкерлердің  талап-тілектерін тыңдады.  Түрлі бағытта іске қосылған зауыт-фарбрикаларда қазір 50-ден астам адам жұмыс істейді. Кәсіпорындар жылына 76 млн теңгенің салығын төлеуде. Бұл жалдау  шығынынан 6,5 есеге артық.

Қала әкімі Қайнар май өнеркәсіптік саябағында орналасқан  5 кәсіпорынның жұмысымен де танысты. Мұндағы өндіріс ошақтары құрылыс индустриясына арналған ВР-торларды, тамақ өнімдерін, тұрмыстық химия шығарып, шойын мен болат құю өндірісімен айналысуда. Цехтарда қазір 30 адам жұмыс істейді. Бүгінде өндіріс орындары жылына 12 млн теңге салық төлеуде. Алдағы уақытта  парк аумағы 2 мың шаршы метрге ұлғайып, мұнда жаңа жобалар іске қосылады.

Қазіргі таңда кәсіпорындардың жалдау ақысының 75%-ы «Іскер Қала» іс-шаралар жоспары аясында мемлекеттен төленуде.

Өндіріс ошақтарының жұмысын бақылаған кала әкімі импорт алмастыруда жобалардың тиімділігін атап өтті. Сондай-ақ  жауаптыларға инфрақұрылым сапасын жақсартып, өзекті мәселелерді дер кезінде шешуді тапсырды. Экономиканың тұрақты дамуының негізгі түбірі бар мақсаты — əлеуметтілікті тұрақтандыру. Тек əлеуметтік тұрақтылық экономикалық тұрақтылықтан туады. Экономика мен əлеуметтіліктің дамуына əрбір кезеңдерде бағасын беріп, оның дамуын бақылауды қолға алмайынша, «хаостық» жағдайға жол береміз. Сондықтан, президентіміздің айтуынша, бүгінгі таңда əрбір объектiнiң экономикасының даму бағасын талдау арқылы анықтауымыз керек. Бұл талдау бұрынғы талдау нəтижелерiмен салыстырмалы қаралуы керек. Себебi, жетiстiктер мен кемшіліктер өлшемiне баға берiлуi тиiс. Экономикалық қатынастарда əрбір ауданның, əрбір қаланың, əрбір облыстың бір біріне салыстырмалы əлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын бағалау көрсеткіштерін енгізу жəне оны одан əрі дамытуға талдау жүргізуді басшылыққа алу — бүгінгі күннің негізгі талаптарының бiрi. Мұнсыз əрбір əкімшілік басшылығы қызметтеріне баға беруге болмайды. Бірақ, бұл мəселелерге үкімет жиі назар аударып келеді. Əсіресе, əлеуметтік пен экономиканың дамуына бөлінген, берілген бюджеттік, банктік, инвестициялық қаржылардың қайтарылымы мен пайдалы болуының қоғамдық тұрғыда сұранысты арттыру жұмыстарын жүргізуде белсенділік жоғары.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin