• 4 ноября, 2025 6:41 пп

Шымкент қаласында зорлық-зомбылықтың алдын-алу бағытында кешенді іс-шаралар өтуде

Автор:admin

Сен 9, 2025

Шымкент қаласында құқықтық сананы арттырудың маңызы —  бүгінгі қала тұрғындарының  құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған бөлігі болып отыр. Жаңа заң – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» құжаты. Ол халық арасында жиі талқыланып жүрген өзекті тақырыптарға, атап айтқанда адам ұрлау және некеге мәжбүрлеу әрекеттеріне қатысты қатаң ережелер енгізді. Жаза қылмыстың ауырлығына байланысты жеңіл шарадан бастап 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұлға немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін тағайындалуы мүмкін. Ал егер мәжбүрлеу салдарынан ауыр зардаптар туындаса, жаза мерзімі 5 жылдан 10 жылға дейін ұзарады. Кәмелетке толмағандарға қатысты, зорлық-зомбылықпен немесе қызмет бабын пайдаланып жасалған әрекеттер үшін бұдан да қатаң жаза көзделеді. Шымкент қаласында бұл өзгерістер қоғамға кеңінен түсіндірілуде. Қалалық прокуратура мен полиция департаменті тұрғындарға жаңа нормалардың мәнін жеткізіп, олардың күнделікті өмірге әсерін түсіндіруде. Мектептер мен колледждерде, жоғары оқу орындарында «Жеке бас бостандығы», «Отбасы құндылықтары» тақырыбында дәрістер өткізіліп, жастарға еркін таңдау құқығы мен заң алдындағы жауапкершіліктің маңызы түсіндірілуде. Әйелдерге арналған дағдарыс орталықтары мен жастар ресурстық ұйымдары да жаңа заңды ақпараттандыру жұмыстарына белсенді араласып отыр. Құқық қорғаушылардың пікірінше, бұл өзгерістер ең алдымен әйелдер мен жасөспірімдерді қорғауға, қоғамда зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл заңнамалық өзгерістер әрбір азаматқа құқықтарын қорғауға болатындығын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар, қоғамға «еркін таңдау – адамның ажырамас құқығы» деген ұстанымды бекітеді. Шымкентте құқықтық сананы арттырудың бір бөлігі ретінде жаңа заң – жастарға, ата-аналарға, ұстаздарға және жалпы тұрғындарға жеке кеңістік пен таңдау еркіндігін құрметтеу қажеттігін үйретіп отыр.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin