Шымкент үшінші мегаполис. Ал мегаполистің инфрақұрылым саласы әрқашан күннің өзекті тақырыптарының бірі. Инрпақұрылым ең алдымен қарапайым халықтың өмір сүру сапасын арттырып, арнайы қолайлықты арттырып қаланың дамуына үлес қосу. Соның бірі қаланың инфрақұрылым саласының бір бөлігі шаһарымызда салынып жатқан жер өткелдерін айтуымызға болады. Бұл ең алдымен қала тұрғындарының қауіпсіздігін нығайтып ғана қоймай, оларға жағдай жасау. Қаладағы «Алаш», «Бекжан» базарлары маңында көлік ағыны жоғары әрі халық көп шоғырланған аумақ болып саналады. Осыған орай, биыл сауда орындары маңына А-2 автомобиль жолы мен Темірлан тас жолы бойымен 3 жер асты өткелінің құрылысы басталған. Қазіргі таңда, жерасты өткелінің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Басқарма басшысының айтуынша, жыл соңына дейін «Алаш» базары маңындағы 2 жерасты өткелінің құрылысын толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. – «Бекжан» базары маңындағы жерасты өткелі қараша айының соңына қарай пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Жертөле «Алаш», «Бекжан» базарларының ажырамас бөлігі болады. Бұл жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен кептелісті азайту мақсатында іске асырылып отыр. Одан бөлек, 16 шақырымды құрайтын Оңтүстік айналма жолының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысан қала аумағымен қатынайтын транзиттік және басқа да автокөліктердің айналма жолмен қатынап, қала аумағындағы көлік кептелісін азайтуға және көлік қозғалысының қауіпсіздігіне септігін тигізбек. Оған қоса, жол бойында орналасқан елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді деп күтілуде. Ташкент –Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта құру жұмыстары атқарылуда. Аталған жол 31 шақырым, 8 кезең бойынша жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, Шығыс айналма жолының құрылысы, Бәйдібек би даңғылынан кірме жол құрылысы, Қызылсай елді мекенінен кірме жол құрылысы, Интернациональная көшесіндегі көпірді күрделі жөндеу және Адырбеков көшесін реконструкциялау жұмыстары іске асырылуда. Жоғарыда аталған жобалар іске асырылған жағдайда Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын жолдар желісі заманауи талаптарға сәйкес көлік ағынын өткізу қабілеті жоғары болады, –деді Р.Ибрагимов.
Jsk ақпараттық орталығы