• 1 ноября, 2024 8:33 пп

Шымкент қаласында ғаламтордың торына торланған азамттарды, құқықтық көмек алуға шақырады!

Автор:admin

Окт 16, 2024

Соңғы кезде Шымкент қаласында интернет алаяқтықтан сақтандыратын түсіндірме жұмыстарын көбейтуге, халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігі, ақпараттық жұмыстардың жүйеленуіне әкеліп отыр. Осы орайда Шымкент қаласының полиция департаменті әккілердің құрығына ілігіп қалмаудың жолдарын көрсеткен бейнеролик түсірген. Учаскелік полицейлер де осы күнде өз аумағында интернет алаяқтық бойынша қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болған. Дегенмен мұндай қылмыстың тоқтайтын түрі жоқ. Керісінше саны жылдан-жылға артып барады. Сол себепті қалалық полиция департаменті қоғам белсенділерін, БАҚ өкіл¬дерін жинап, осындай маңызды жиын өткізуге мәжбүр. Мұндағы мақсат – жиынға келген әрбір қатысушы әлеуметтік желі арқылы немесе ауызша түрде болсын жақындарына, халыққа интернет алаяқтардан сақтанып жүруді еске салу. Сондықтан полиция полковнигі бір азаматты қылмыскерлердің тұзағынан аман алып қалсақ соның өзі іс-шараның берген үлкен жетістігі деді. Осы ретте маман алаяқтардың адамдарды қалай алдап соғатыны және одан қайтіп құтылуға болатыны жайлы ашық баяндап берді. Полиция өкілінің мәлімдеуінше, 2024 жылдан бері ең жиі кездесетін оқиғаның бірі – қылмыскерлер өтірік банктің немесе құқық қорғау органының қызметкері ретінде өздерін таныстырып, шотындағы ақшаға интернет алаяқтардан қауіп төніп тұрғанын айтып, дереу басқа шотқа аудартады болмаса онлайн несие алдыртады. Қылмыскерлер адамды сендіру үшін неше түрлі әдісті қолданады. Құпия болған барлық деректі айтып береді, өзінің қызметін куәландыратын құжаттарын көрсетеді, тіпті әдейі сөйлесіп жатқанда тұтқаның ар жағынан кеңседегі қарбалас жұмыстың дауысын естіртіп қояды. Осындай жағдаяттар адамды лажсыз иландырып тастайды. Сөйтіп, ешкімнен ақыл-кеңес сұрамастан, өздігінше шешім қабылдап, 3-4 банктен несие рәсімдеп, тіпті оны өзге шотқа аударып үлгереді. Тағы бір назар аударарлық жайт, алаяқтар құрбандарына біреуге хабарласуға болмаса қабырғасымен кеңесуге еш мүмкіншілік қалдырмайды. Өйткені олар сөзбенен құрбанын жыланша арбаудың тәсілін әбден меңгергендер. «Сіз тұтқаны қоймай тұрыңыз, былай жасасаңыз дұрыс болады» деп артық әрекет жасауға ешбір мүмкіншілік бермейді. Міне, осындай сөздің сиқырынан шыға алмай қалудың салдарынан интернет алаяқ­тар жөнінде күніге естіп, біліп жүрсе де көп азамат алданып қалып жатыр. Бір өкініштісі, адамдар несиені өз қолдарымен, келісім беруімен рәсімдейді. Былайша айтқанда, алаяқтың қалтасына ақшаны өзі салып береді. Осы ретте полиция өкілі мұндай жағдай орын алатын болса, дереу тұтқаны қойып, банктің өзінен немесе 102 нөміріне телефон шалып мән-жайды білуі керек дейді. Өйткені банкке немесе құқық қорғау органына азаматтардың құпия деректерін хабарлау немесе сұрау керек емес. Олар онсыз да бәрін біледі. Егер анық бір жағдай мәжбүрлесе ешкімнен сұрамай-ақ деректерді тексере береді.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin