• 22 марта, 2025 2:47 пп

Шымкент қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының аясында ұйымдастырылған «Наурызнама» мерекелік іс-шарасы гала концертпен жалғасты.

Автор:admin

Мар 21, 2025

 

Шымкенттегі Астана алаңында «Наурызнама» атты музыкалық-театрландырылған мерекелік қойылымымен басталып, мәдениетіміздің асыл қазынасына айналған этноауылда ұлттық салт-дәстүрлер мен тарихымызды дәріптейтін көрмелер қойылды.
Қала тұрғындары мен қонақтар ертегі әлемінің кейіпкерлері мен Шымкент цирк әртістері таңғажайып қойылымдары мен ұлттық спорт ойындарының сайыстарын тамашалады.

Мерекенің жалғасы отандық және әлемдік танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік гала-концертке ұласты.

Гала-концертте Жұбаныш Жексенұлы, Ақбота-Нұр, Бауыржан Исаев, Әбдіжаппар Әлқожа, Дастан Оразбеков, Альзаби, Зируза және әлемге әйгілі Джонатан Дассин өнер көрсетіп, көпшілікке мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Айта кетейік, Наурыз мейрамы қаламыздағы барлық аудандарының орталық алаңдарында өткізілуде.

Мереке 22 наурыз күні Астана алаңында ұлттық салт дәстүрімізді насихаттайтын іс-шаралармен және қасиеттң рамазан айына орай “Жарапазан” мерекелік іс шарасы ұйымдастырылады.

Автор: admin