• 22 ноября, 2024 6:02 дп

Шымкент қаласының бизнес өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы таныстырылды

Автор:admin

Ноя 12, 2024

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Шараға кеңес төрағасы М.Сейтжанов пен кеңес мүшелері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары, бизнес өкілдері мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Кеңес отырысында қатысушыларға 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жобасымен таныстырылды. Спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, бизнесті қорғау, оған қолайлы инвестициялық жағдай жасау, аталған саладағы проблемалар мен оларды шешу жолдарын қарастыру, бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Құжатты әзірлеу барысында сала өкілдері стратегияның мақсат-міндеттеріне, шетелдік тәжірибе мен халықаралық стандарттарға сүйенгендігін айтады. Басымдық адал бизнесті дамытуға беріліп отыр. «Тұжырымдаманың маңызды басымдықтарының бірі адал бизнесті дамыту болып табылады» — дейді салаға жауапты мамандар. Тұжырымдамада бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуге ынталандыру көзделгендігін жеткізіп, Департаментпен жүзеге асырылып отырған «Бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасы аясында бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Кездесу барысында кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін өзекті проблемалық мәселелер талқыланып, бизнес өкілдерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру қажеттігі туралы атап өтті. Осы орайда, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылығы күн сайын азаматтарды қабылдауда.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin