• 22 ноября, 2024 5:06 дп

Шымкент қаласының мектептерінде «адалдық сағаты» өтуде

Автор:admin

Ноя 12, 2024

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім басқармасымен бірлесіп 223 мектепте «адалдық сағатын» өткізді. Іс-шара форматы шамамен 150 мың оқушыны қамтуға мүмкіндік берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Дәріскер ретінде қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, Қоғамдық кеңестің өкілдері, ардагерлер, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты. Бүгін қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары, Қоғамдық кеңес төрағасы Бауыржан Әлтеев «Адал Ұрпақ» клубының белсенділерімен кездесті. Сөз сөйлеу барысында спикерлер оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, балаларға сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз салдары туралы айтып, адал, әділ, ел патриоты болуға шақырды. Сондай-ақ, парасаттылық сағаттарын қосымша сабақтар түрінде енгізуді және оларды тұрақты негізде өткізуді ұсынды. Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табалыды. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Атап айтсақ, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолданудың нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсаты.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin