• 26 ноября, 2024 4:23 дп

Шымкент қаласының шалғай аудандарында биыл жол-құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Автор:admin

Окт 18, 2023

Қаладағы жол саласында атқарылған жұмыстардың барысын пысықтады, деп хабарлайды JSK.KZ. Осы жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жалпы 33,8 млрд. теңге қаржы қаралған: республикалық бюджет – 10,8 млрд. теңге, жергілікті бюджет – 23,0 млрд. теңге. Биыл автомобиль жолдары саласына – 25,4 млрд. теңге бөлінген. 2023 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша 24,7 млрд. теңге немесе 73,1 % — ы игерілді. Қараша-желтоқсан айларында 6,2 млрд. теңге қаржы игерілетін болады. Ағымдағы жылы қалада 261 нысан немесе 416,8 шақырым жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Оның ішінде, осы жылы 236 нысан (306,7 шақырым) пайдалануға беріледі. Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 мыңға жуық шақырымды құрайды. Оның ішінде: 1,8 мың шақырым. – асфальтталған, қалған 1,2 мың шақырым – шағал тас пен топырақ. Жыл қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 3,5 %-ға ұлғайып, жалпы 60%-ға жеткізу жоспарланған. Қазір мегаполис жолдарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Яғни, шұрық-тесіктер жамалып, көшелер тегістеліп жатыр. Бұл көлік қозғалысына кедергі келтірмей ме? Жалпы, құрылыс қашан аяқталады? Бүгін Гагарин атындағы көше ағымдағы жөндеуден өтуде. Ауа райының қолайлылығын пайдалаған мамандар жолдың ойық-шұңғырларын жамап, қайта қалыпқа келтіру жұмысын жүргізіп жатыр. Құрылыс жұмыстарына мердігер мекеменің 17-і қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылған. Жалпы,»Ақсемсер Строй сервис» ЖШС 2024 жылдың 22 сәуірге дейін Абай ауданынан қарасты 37 магистралды көшенің жөндеу жұмыстарын аяқтауы керек. Сондықтан, қазір барынша қарқынды жұмыс істеп жатыр. Берік Тасаев, прораб:
«Компанияда 3 бригада жұмыс істеп жатыр. Біреуі қазу жұмыстарын жүргізеді. Екіншісі асфаль салу жұмысымен, үшіншісі калодест көтеру, остоновкілерді қисайып қалғанын орнына келтіру жұмыстарымен айналысады. Қиындық туындайды енді, қазір көлік кептелісі көп. Сол жағынан қиындықтар бар. Бірақ енді патрульдік полиция қызметкерлері бар, солардан көмек сұрап, жүгінеміз». Сала жауаптыларының айтуынша, ағымдағы құрылыс жұмыстары көлік қозғалысына аса қиындық тудыра қоймайды. Тіпті қазір ретке келтірген жолдан өтсе де, автомобильге ешқандай зиян келмейді. Негізгі талап бойынша жолды әр бес жыл сайын жөндеуден өткізіп отыру қажет. Алайда қала әкімдігі өкілдерінің айтуынша, оған біздің бюджет жетпейтін көрінеді. Сондықтан, қала көшелері тек ағымдағы жөндеуден өтеді, ал асфальт төсеу сияқты күрделі жөндеу елдімекендерде жүргізіледі. Өйткені, биыл шалғай аудан жолдарына баса назар аударылуда.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin