• 24 ноября, 2024 12:00 пп

Шымкент қаласының экономикалық дамуына тартылған инвестиция көлемі 20 пайызға артқан!

Автор:admin

Апр 8, 2023

 

Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дуйсебеков сөзінше,  жалпы өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 666,4 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 6,7 пайызға артқан. Қала экономикасына 327,9 миллиард теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артқан. Ал, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 101 мың бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 39 пайызға артса, бөлшек сауда көлемі 417,9 миллиард теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға артып отыр. «Жалпы 2022-2025 жылдар аралығында 622 миллиаард теңгеге 8,3 мың жұмыс орнын құрумен 66 жобаның пулы жасақталған. Оның ішінде, 2022 жылы 51,4 миллиард теңгеге 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен 14 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Бүгінгі таңға жалпы құны 29,2 миллиаард теңгені құрайтын 520 жаңа жұмыс орны бар 6 инвестициялық жоба іске асырылды. Сондай-ақ, 2022-2026 жылдары жалпы құны 2,6 трлн. теңгені құрайтын 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орнымен 283 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Оның ішінде, биылғы жылдың соңына дейін 173,1 миллиард теңгеге 50 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған», — деді Б.Дүйсебеков. Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында аталған басқармаға белгіленген 6 нысаналы индикатордың есепті мерзімдегі қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 590,4 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 8,1 пайызды құрап отыр. Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіретін кәсіпорындар есепті кезеңде 43,5 мың тоннаны шығарды, бұл жылдық жоспардың 87 пайызын құрайды. Негізгі капиталға инвестицияларының 2019 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда өсім 226,8 пайызды құрайды. Ал «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шағару бойынша жаңа өндірістер саны» көрсеткішін орындау мақсатында жыл соңына дейін 2 жобаны іске қосу жоспарланған. Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі ағымдағы жылдың 6 айында 8,0 % құраған. Бұл индикатор бойынша статистикалық деректер тоқсан сайын жарияланады, бір тоқсан кешігіп жүреді. көрсеткіш – 7,2% құрады. Ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысында бұл көрсеткіш 8,0% құрайды деп күтілуде. Өндірілген өнім көлемі бойынша 1-тоқсанында 317,3 миллиаард теңгені құрап, кезеңімен салыстырғанда 30,1%-ға артқан. шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 36,2%-ды құрады Айта кетейік, қазіргі таңда жалпы аумағы 749 га құрайтын «Жұлдыз» индустриялық аймағын құру, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын қосымша кеңейту, «Бозарық» агро-индустриялық аймағын құру және Көлік-логистикалық аймағын қосымша 136 га-ға кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Jsk ақпарат

Автор: admin