• 27 ноября, 2024 7:49 дп

Шымкент қаласының экономикасының дамуын өнеркәсіптен өзге салалардың көрсеткіштеріне қарап та байқауға болады.

Автор:admin

Авг 4, 2023

Айталық, қалада шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 87 мыңнан асқан болса, соның 72 600-і белсенді жұмыс істеп тұр. Онда 170 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылған. Постковидтік кезеңде бизнестің бірқатар қиындықтарға тап болғанын ескере отырып әкімдік «Іскер қала» атты өңірлік бағдарлама қабылдағанын айттық. Бұл бағдарлама негізгі 3 бағыттан тұрады. Бірінші бағыт бойынша «Стандарт» индустриалды аймағы секілді дайын өндірістік парктер құрып, ол жерде жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қолдау көрсету жоспарланған. Екінші бағыт агроөнеркәсіп кешені бойынша кластер қалыптастыруды көздейді. Үшінші бағытқа сәйкес, дайын бизнес кейстер мен франшиза бойынша жұмыс істегісі келетін бизнесмендерге жер телімі мен қаржыландыру тетіктерін ұсыну арқылы қалада сауда және қызмет көрсету орындарын көбейту жоспарланған. Осы шаралардың нәтижесінде алдағы 5 жылда шағын және орта бизнестің жалпыөңірлік ішкі өнімдегі үлесін қазіргі 30 пайыздан 35 пайызға дейін өседі. Қала экономикасының тағы бір локомативі ретінде құрылыс индустриясын айтуға болады. Себебі, халық санының жедел көбеюіне және урбанизация деңгейінің жоғары болуына байланысты Шымкентте баспанаға деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Сәйкесінше, биылдың өзінде қалада 1 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілмек. 2023 жылдың соңына дейін мегаполисте тағы 3 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады. Шымкенттің құрылыс индустриясына кіргісі келетін инвесторларға жер телімдері ешқандай кедергілерсіз бөлінеді. Қазірдің өзінде 25 ірі компания қаламызда өз жобаларын жүзеге асыруда. Бұл құрылыс компанияларына ғана емес, сондай-ақ, сүйемелдеуші салаларда жұмыс істейтін кәсіпкерлерге де зор мүмкіндік дер едім. Алдағы жылдары құрылыс материалдарының өндірісі, қызмет көрсету мен сауда ерекше қарқынмен дамиды, – деді А.Сәттібаев. Жалпы, Шымкентте 2025 жылға дейін жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың пулы жасақталған. Оған жалпы соммасы 2.6 триллион теңгені құрайтын және экономиканың барлық салаларын қамтитын 300 жоба енгізілген. Айбек Берікұлының айтуынша, күн сайын қала әкімдігінде инвестициялық штабтың отырысы өтіп, осы жобалардың дайындық және жүзеге асу барысы талқыланады. Сондай-ақ, бұл штабта жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың да проблемалары қаралып, олар дер кезінде шешіліп отырады екен. Себебі, барлық атқарушы және уәкілетті органдардың басшылары осы штабтың құрамына енген. Қорыта айтқанда, Тәуелсіздіктің 30 жылында Шымкент қаласының экономикасына 2.6 триллион теңге инвестиция тартылған болса, ендігі жерде тап сонша қаржы бар-жоғы 5 жылдың ішінде құйылмақ. Бұл шаһар экономикасын дамудың жаңа деңгейіне көтеріп, салық базасын кеңейтуге, жұмыссыздықты азайтып, халықтың тұрмысын жақсарта түсуге мүмкіндік береді.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin