• 24 ноября, 2024 1:50 дп

Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары бойынша жедел ақпарат

Автор:admin

Дек 23, 2021

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлайды. Электр энергиясын тұтынушылар толық көлемде жабдықталған. Ағымдағы жылғы 23 желтоқсандағы жедел ақпаратқа сәйкес электр энергиясын ажыратылған тұтынушылар жоқ.
Сондай-ақ, 2021 жылғы 23 желтоқсандағы жағдай бойынша жедел ақпаратқа сәйкес: «3-Энергоорталық» АҚ – да электр энергиясын өндіру 140 МВт құрайды және жұмыста № 1,2 — қазандық және № 1,2 — турбина.
Сонымен қатар, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС энергия беруші ұйымдары мен «KEGOС» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр желілері» филиалы авариясыз режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз.

Jsk ақпарат

Автор: admin