• 16 ноября, 2025 5:04 дп

Шымкент қаласының әуежайында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында рейд өтті

Автор:admin

Окт 19, 2025

Мемлекет басшысы әділдік барлық елде және барлық заманда халықтың қалауы болғанын тілге тиек етті. Мұның Қазақстанға да қатысы бар екенін, сондай-ақ, қасіретті оқиғаға дейін бізде әділдік деңгейі өте төмен болғаны рас екенін айтқан болатын.  «Әділдік – бәрін теңестіру деген сөз емес. Менің ел байлығын әділ бөлу туралы ұстанымым меншік иелерін мүлкінен түгел айырып, активтерді қайта бөлу дегенді білдірмейді. Біз іштен іруге және жүгенсіздіктің белең алуына әкеп соқтыратын мұндай жолмен жүрмейміз. Сондықтан кезінде баз біреулерге орынсыз берілген артықшылықтар мен жеңілдіктерді алып тастау, заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару – популистік қадам емес, керісінше, әділдік қағидасы негізінде Қазақстанды жаңғырту стратегиясы», деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы мақсатта қоғамдық тәртіпті нығайту және қоғамдық орындарда мазалаудың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Абай ауданының прокуратурасы полиция қызметкерлерімен бірлесіп әуежай аумағында рейдтік іс-шара өткізді. Тексеру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабын (қоғамдық орындарда тиісу) бұзу деректері анықталды. Тіркеусіз және тиісті рұқсат құжаттарынсыз жолаушыларды тасымалдау қызметтерін табандылықпен ұсынған тұлғалар әшкереленді. Абай ауданының прокуратурасы ескертеді: қоғамдық орындарда тиісу үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген — ескерту жасау немесе 5 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу қарастырылған. Заң мен тәртіпке бағынған ел ғана құқықтық мемлекет қалып­тас­тыра алады. Тәртіп пен тәрбие болмаған жерде елдің, адамның дамуында нәтиже, жетістік болады деп айту қиын. Кез келген өткен дәуірді алып қарасақ, қоғам белгілі бір ережелерге бағынған.  Ал заңды сақтау  – әділеттіктің, теңдік пен тәртіптің кепі­лі. Қазақ қоғамында ұлылар айтқан даналық сөз өте көп. Батыр Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды»,  – деген. «Тәртіп  – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік  – өміріңнің қас жауы», – дейді әл-Фараби атамыз. Классик жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлағаты: «Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі  – ниет керек, одан соң  – күш керек, содан соң  – тәртіп керек». Қай ғұламаның сөзін алып қарасаңыз да, терең мән-мағына жатыр. Демек, тәртіп пен әділеттік елдің, қоғамның тазалығын көрсетеді. Ал таза адам ешқашан бұзақылыққа, жемқорлыққа бармайды. Сондықтан Мемлекет басшысы жиі айтып жүрген «Заң және тәртіп» қағидатын қалыптастыру қоғам үшін маңызды мәселе болуға тиіс. Бұл – бәріне бірдей бұлжымас қағида. Дамыған, тәртіпті қоғам жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке, бұзақылыққа бармайды. Ақиқатына келсек, жалпы, қоғам заңға бағынғанда ғана құқықтық мемлекет қалыптасады. Демек, тәртіпке бағынған қоғам өркениетті болады. Негізі, заң үстем болмаған елде тұрақтылық болмайды. Ал тұрақтылық жоқ жерде даму да жоқ екенін екінің бірі біледі.  Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң мен тәртіп» қағидасына терең тоқталып, жиі айтып отыратыны да осыған байланысты. Ал «Заң мен тәртіп» құқық қорғау саласына ғана арналған тұжырым емес. Бұл – елімізде тұратын Қазақстан азаматтарына арналған, жалпыға бірдей, бұлжытпай орындалатын заң.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin