• 24 ноября, 2024 8:00 пп

Шымкент қаласы: Абай ауданы 100 пайыз 2025 жылға қарай табиғи газға қол жеткізбек!

Автор:admin

Сен 13, 2023

Шымкент қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында Абай ауданында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берілді. Шара барысында аудан халқы 2025 жылға қарай 100 пайыз табиғи газбен қамтылатыны айтылды. Бұдан бөлек жауаптылар аудандағы инфрақұрылым мәселесіне баса назар аударды. Қазіргі уақытта Абай ауданында 258 мыңға жуық тұрғын бар. Сонымен қатар аудан аумағы бойынша 27 елді мекеннің 26-сы сапалы ауыз сумен қамтылған. Яғни жергілікті тұрғындардың 96,2% сапалы ауыз сумен қамтылған дейді жауаптылар. Нұрлан Тілеш, Абай ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы: «Бүгінгі таңда 1 елдімекен яғни  Қайнарбұлақ тұрғын алабында  32 пайыз тұрғындар ауыз сумен қамтылған.  Мұндағы құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталды. Мердігер мекеменің күшімен 2023 жылдың соңында тұрғындарды толық ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады». Ауданда мектеп тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралығында тағы 7 мектеп салынады. Атап айтқанда, Нұршуақ ш.а 2000 орындық мектеп, Жаңатұрлан ш.а 1200 орындық, ал Бозарық шағынауданында 2000 орындық мектеп бой көтеретін болады. Нұрлан Тілеш, Абай ауданы әкімінің м.у.а: «2024-2025 жылдары тағы 3 мектеп Асар шағынауданында 1500 орындық, Шымситиде 2000 орындық, Достықта 2000 орындық мектеп салу жоспары бекітіліп қойды». Ауданда халықтың көп шоғырлануына байланысты жаңа спорт нысандары да бой көтермек. Халық қатысатын бюджет аясында Абай ауданында 15 балалар алаңшасы мен 3 спорт алаңшасы салу жоспарланып отыр. Бүгінде шеткі шағынаудандардың инфрақұрылым мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. Қала әкімдігінің тұрғындардың өмір сүруіне жайлы орта қалыптастыру аясында берген тапсырмасы аясында бүгінде мегаполисте бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Қалада 81 тұрғын алап пен шағын аудан бар. Оның 62-сі кәрізбен қамтылмаған. Қолданыстағы шайынды су тазарту кешенінің қуаты жетпей жатыр. Осы жылы 7,3 млрд.теңге 19 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде кәріз жүйесімен қамту деңгейі 54 пайыздан 60 пайызға жетеді. Даму жоспары бойынша 2025 жылы кәрізбен қамту көрсеткішін 75 пайызға жетпек. Ал, 8 елдімекенде электр энергиясының сапасы төмен. Биыл 16 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде қамту деңгейі 97 пайыздан 99 пайызға жетеді. Халықты сапалы электрмен қамту мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі. Сондай-ақ, 31 елдімекен газ қуаттылығының жеткіліксіздігі себебінен жартылай қамтылса, 8 елдімекен газбен мүлдем қамтылмаған. Ағымдағы жылы газбен қамту бойынша 6 млрд. теңгеге 18 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде қамту деңгейі 93%-дан 94,7%-ға артады. Табиғи газбен қамту мәселесі 2025 жылы толық шешіледі. 747 әлеуметтік маңызы бар көшелердің 324-і жарықтандырылған. Осы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында 102 көшеге жарық тартылады. Нәтижесінде жарықтандыру деңгейі 43 пайыздан 57 пайызға жетеді. 2025 жылы 75 пайызға жеткізу көзделген.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin