• 28 октября, 2024 8:23 пп

Шымкент қаласы: Еңбекші ауданында асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді

Автор:admin

Окт 18, 2023

Шымкент қаласы мәслихатының сессиясында 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы қабылданған болатын. Осы бағдарламаға сәйкес асфальт төсеу жұмыстары бағдарлама шеңберінде жүзеге асып отыр. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің берген ақпаратына сәйкес, бүгінде Еңбекші ауданындағы Базарқақпа елдімекенінде бірқатар көше асфальт төселуде. Ал Қараөткел көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Асфальтбетон жабындысы төселетін жолдың ұзындығы 0,9 шақырымды құрайды. Заманауи құрылғылармен жабдықталған жылжымалы зертхана арқылы асфальт қабатының тығыздығы мен сапасы, қолданыстағы материалдардың талапқа сәйкестігі тексерілді. Жыл соңына дейін аумақтағы 6,6 шақырымды құрайтын 11 көшеге асфальт төсеу жоспарлануда. Олар: Атауы жоқ N 1,2,3,4,5, Кеңгір, Қараөткел, Балқан, Алай, Қызылата, Сазқұндыз көшелері. Биыл жалпы қаладағы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында 297 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұған дейін Еңбекші ауданы Базарқақпа тұрғын алабының Алай көшесі орташа жөндеу негізінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген. Сметалық құжаттамаға сәйкес, асфальт төселген көше ұзындығы 0,7 шақырымды құрады. Аталған көшеге асфальтбетон бірінші қабаты төселген еді. Ақпарат үшін айта кетсек, асфальт төсеу – бұл жол жабындысын жасау процесі. Көп адамдар асфальт төсеу – бұл қарапайым төсеу түрі деп санайды, алайда мұның барлығы оңай орындалмайды. Асфальт төсеу жұмыстарын бастардың алдында топырақты нығайту және тұрақтандыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып, тиісінше орындау қажет. Бұл асфальт төсеу процесінің маңызды бөлігі, себебі топырақты тұрақтандырудан кейін жолдар сапалы болады және ұзақ қызмет етеді. Биыл қаламызда 24 орталықтағы магистраль көшеге, 270-тен астам шағын аудандар мен тұрғын алап көшелеріне асфальт төселеді.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin