• 22 ноября, 2024 5:43 пп

Шымкент қаласы: «Жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары»

Автор:admin

Ноя 9, 2024

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Еркін Отарғалымұлының қатысуымен «Жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында баспасөз брифингі өтті.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасарымен  2024-2025 жылдарға арналған жылыту маусымы кезіндегі өрт профилактикалық жұмыстар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес жылыту маусымы кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында «Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі», «Жылыту пештерінің қысқы кезеңге дайындығын қадағалау» және «Адамдардың улы газдан уланудың алдын алу» тақырыптарында күнделікті үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, жылу беру маусымының алдында қала аумағында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізілді.  Жылыту маусымының басынан бастап, Департаментпен әлеуметтік желілерде 138, БАҚ-да 34 шығарылым жарияланды (13-басылым, 9-ТВ, 12-радио) және қала аумағындағы шағын аудандар арасында 150 рет дауыс зорайтқыштар арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күнге дейін 7 мыңнан астам адамды қамтитын 3812 қатты отынмен жылытылатын тұрғын үйлер араланып, білім беру мекемелерінде 1500 оқушыны қамтитын 42 интерактивті сабақ өткізілді.

Қала аумағында есепке алынған 2222 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының барлығына 1 кезеңде (2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін) үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, 3541 адамға қол қою арқылы жадынама парақшалары таратылды.  334 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қайта аралау жұмыстары жүргізіліп, ары қарай өз жалғасын табуда. Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың ішінен 89 үйге газанықтағыш құрылғылары қойылып, 80-ге жуық үйдің түтін мұржаларын тазарту жұмыстар жүргізілді.

Департаменттің ведомствалық есебіне сәйкес, қала аумағында табиғи газға қосылмаған, пропан газбаллондарды қолданып жүрген 22 жатақханаға толығымен үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақшалары таратылды.

Баспасөз брифингінде Еркін Отарғалымұлы жылыту кезеңін қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстарды айтып өтті. Олар:

  • жылыту маусымы басталар алдында және жылу беру маусымы барысында түтін құбырларын, түтін мұржаларын және жылыту пештері мен жүйелерінің басқа элементтерін күйеден кемінде үш айда бір рет тазалау;
  • электр сымдарына тексеру жүргізу, тозған және уақытша схема бойынша жүргізілген электр сымдарын ауыстыру жөнінде шаралар қабылдау;
  • электр желілерін шамадан тыс жүктемеу. Үй-жайды жылыту үшін қолдан жасалыңған стандартты емес электр жылыту құралдарын пайдаланбау;
  • пештерді қатты қыздырмау, жанғыш материалдарды, киімдерді жанып жатқан пештің үстінде кептірмеу;
  • аула аумағын құрғақ шөптен және жанғыш қоқыстардан тазарту, күл жинау үшін қауіпсіз орынды алдын ала анықтау;
  • балаларды үйде ересектердің қарауынсыз қалдырмау.

Өрт немесе төтенше жағдай орын алған жағдайда – 101, 112 байланыс нөміріне хабарласыңыз.

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin