• 26 ноября, 2024 4:26 пп

Шымкент қаласы: Нұрсәт шағын ауданы сапалы электр энергия көзіне қосылды

Автор:admin

Окт 17, 2023

Қазақстанда электр энергиясын өндіруді әртүрлі меншік нысанындағы 207 электр станциясы жүзеге асырады. Жай-күй бойынша Қазақстан электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 24523,7 МВт, иелік қуаты 20761,7 МВт құрайды. Электр станциялары ұлттық маңызы бар электр станциялары, өндірістік маңызы бар электр станциялары және өңірлік маңызы бар электр станцияларына бөлінеді. Бүгінде Шымкент қаласының шағын аудандарын сапалы электр көзіне қосу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазақстан энергетикасы — электр энергиясы мен қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесi; ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты базасы. Осы саланың қалыпты дамуы үшін елімізде «Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөніндегі арнайы бағдарлама бар. Аталмыш мемлекеттік бағдарламада біздің үшінші шаөарда кезең-кезеңімен жүхеге асып отыр. Мысалы үшін айтатын болсақ Нұрсәт шағын ауданы сапалы әрі тұрақты электро энергиясын тұтынуға мүмкіндік алып отыр. Бүгінгі күнге дейін шағын аудан уақытша тартылған электр желісінен «Солтүстік» 110/10 кВ қосалқы станциясы арқылы тұрақты электр көзіне ауыстырылды. Мердігер мекемемен 42 км кабель желісі тартылды, 2 дана электр тарату бекеті, 4 дана электр трансформаторы орнатылды, 12 дана қолданыстағы электр трансформаторларында ішкі жабдықтары ауыстырылды. Нәтижесінде 72 көпқабатты тұрғын үй, 11 әлеуметтік нысандар сапалы электр қуатымен қамтылды.  Демек, осы саланың жай-күйі, ахуалы, мүмкіндіктер мен қауіптер, бүге-шігесіне дейін зерттеліп, алдағы уақытта жасалуы тиіс шаралар түгел қамтылып, тізбектеліп алдымызға мақсат пен міндет етіп қойылып отыр. Қазақстан келесі жылы электр энергетикасына қаржы салуға ең ыңғайлы нарықтың бірі болады. Сондай-ақ қазір Қазақстанда энергетика саласына инвестиция тартумен қатар, қалпына келетін энергия көздерін дамыту ісіне де көп көңіл бөлініп отыр. Еліміздегі энергияның 75 пайызы көмірдің көмегімен, 12 пайыздан астамы газды-мазуттан, 9 пайызы су электр стансалары арқылы өндіріледі. Электр қуатын өндіру ісінде экологиялық жағынан таза технологиялардың үлесі артып отыруына байланысты қалпына келетін энергия көздері 2025 жылға қарай 1 миллиард киловатт сағатты құрауы қажет. Бұл энергия тұтыну көлемінің 1 пайыздан астамы. Ал 2024 жылға қарай бұл көрсеткіш 3 пайызға жетеді. Қазақстанда 2023 жылдың 10 айының қорытындылары бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 82 миллиард киловатт сағатты құраса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 100 миллиард киловатт сағаттан асатын болады. Қазақстанның ұлттық электр торабы (ҰЭТ) электр энергиясының 2025 жылға дейінгі болжамдық теңгеріміне сәйкес 2014 жылы электр энергиясын тұтыну 100,5 млрд киловатт сағатты құрайды, электр энергиясын өндіру — 103,4 млрд киловатт сағат. Сондай-ақ, 2023 жылы электр энергиясын тұтыну — 116 млрд киловатт сағат, электр энергиясын өндіру — 120 млрд киловатт сағат. Қазақстанда электр энергиясын өндіруді меншік нысаны әртүрлі 60-тан астам электр стансасы жүзеге асырады.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin