• 24 ноября, 2024 12:35 пп

Шымкент қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ғаламтор арқылы есірткі сату, жарнамалау деректеріне мониторинг жүргізеді.

Автор:admin

Окт 8, 2024

Заңға қайшы жарнамалар анықталса, оны жариялаған сайттар  бұғатталады. Оған қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізіледі. Құқық қорғау қызметкерлері граффити жазуларын енгізгені және интернет желісінде көрсетілген мәліметтерді таратқаны үшін Қылмыстық кодекске сәйкес 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал жалпы білім беру мекемелерінде есірткі заттарын өткізгені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертеді. Сондықтан Шымкент қаласы полиция департаменті қала халқын есірткінің таралуы туындайтын жәйттерге тап болған жағдайда, қылмысқа қарсы бірлесіп күресу үшін 102 арнасына хабарлауға шақырады. Есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл бағыты есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады. Елімізде нашақорлыққа салынған елу мыңнан аса азамат ресми тіркеуде тұрады. Оның басым бөлігі жастар. Жыл санап есірткіге тәуелділердің қатары көбеюде дейді мамандар. Ал құзырлы орган өкілдері тәркілеген анашаның көлемі бұрынғы жылдармен салыстарғанда артып отырғанын айтады. Жастар жат қылықтың соңы жақсылыққа апармайтынын арнайы көрініс арқылы сомдап берді. Бір сәттік ләззат жас ғұмырын астаң-кестең еткенін бейнеледі. Есіріткіге елітіп, есі кеткендер анасында құрбандыққа шалатынын көрсетті. Егеменді елдің ертеңін есті етіп тәрбиелеу — қоғам міндеті. Осыны ескергендер есірткеге қарсы шараның санын арттыруды көздеп отыр. Нашақорлық бүгінгі таңда адамзатты алаңдататын, әлемдік деңгейге көшкен проблемалардың бірі. Құқық қорғау органдарының нашақорлық дертін алдын алуға бағытталған шараларының жүргізілуіне қарамастан, бұл дертке ұшыраған адамдардың саны жылдан жылға өсіп келеді. Өйткені нашақорлық дерті ең алдымен есірткіні өндіруден және оны заңсыз тасымалдаудан, сатудан бастау алады.  Сарапшылардың пікірінше, есірткі бизнесімен әлемнің іргелі елдерінің барлығы  күресуде және ешбір ел  халықаралық бірліксіз есірткі бизнесіне қарсы күресте айтарлықтай табысқа жете алмайды.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin