• 22 ноября, 2024 12:20 пп

Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері азаматтарды автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады

Автор:admin

Сен 12, 2024

Департаменттің негізгі міндеттері табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қала аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға, азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасауға бағытталған.  Бүгінде шаһарда Төтенше жағдайлардың 72% өрттерді құраса, оның 79%-ы тұрғын үй секторында және көлік құралдарында тіркелген. Жану және өрт фактілері бойынша жалпы 152 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 133 ескерту, жалпы сомасы 655 мың 500 теңгеге 19 тұлғаға айыппұл салынды. Өрттің шығатын негізгі себептері электр аспаптарының, электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, өрт көздерін абайсыз пайдаланудан болуда. Шымкент қаласы бойынша жыл басынан автокөлікте орын алған 43 өрт тіркелді. Өрттердің шығуының басты себебі – көп жағдайда автокөлік иелерінің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан орын алуда. Сондықтан автокөліктегі өрттің алдын алу және болдырмау мақсатында  Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Полиция полкі қызметкерлерімен бірлесіп “Оттан сақ бол” акциясын өткізді.

Шымкент қаласы ТЖД автокөліктегі өрт қауіпсіздігін сақтауды еске салады. Қозғалыс кезінде автокөлік жанған кезде келесі әрекеттерді істеу қажет:
• Автокөлікті тоқтатыныз;
• Қозғалтқышты өшіріңіз;
• Барлық жолаушыларды шығарыңыз;
• Капоттың құлпын босатыңыз, бірақ капотты ашпаңыз;
• «101» немесе «112» телефон нөмірлері арқылы өртке қарсы қызметін шақырырыңыз;
• Егер от кішігірім болса, автокөліктегі өрт сөндіргішті пайдаланып отты сөндіруге тырысыңыз;
• Қозғалтқыш бөлігіндегі өртті сөндіру кезінде суды қолдаңбаңыз, себебі бұл электр сымдардың қысқа тұйықталуына немесе жанып жатқан бензиннің таралуына жол беріп, жану көлемін ұлғайтуы мүмкін;
• Егер жақын арада автөкөлік жана бастаса мүмкіндігінше өзіңіздің көлігінізді қауіпсіз жерге сүйреп апарыңыз.
Сіздің автокөлігініз қайғыға ұшырамауы үшін:
• Автокөлігіңізге техниқалық қызметті уақытылы көрсетіңіз;
• Электр сымына назар аудара отырып, оның жөндеулі болуын үнемі қадағалыңыз.
• Әрдайым өзіңізбен бірге көлікте өрт сөндіргіш алып жүріңіз, оны оңай қол жетімді жерде ұстаңыз. Тәжірибе көрсеткендей, автокөліктегі жануды сөндіруге көмірқышқыл өрт сөндіргіш ең тиімді болып табылады.
Автокөлікте өрттің шығу мүмкіндігін барынша азайту үшін автокөлікті техниқалық жарамды күйде ұстау, зауыт  нұсқаулығының талаптарына сәйкес пайдаланып қызмет көрсету, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin