• 24 ноября, 2024 12:13 пп

Шымкент қаласы: Тұран тұрғындарының талап-тілегі орындалуда

Автор:admin

Сен 10, 2023

Адам денсаулығында қоршаған ортаның санитарлық тазалығы ең басты қағиданың бірі. Тұран ауданында тазалық жұмыстарын оңтайландыру мақсатында секторларға бөлініп, жұмыс жүргізіледі. 21 елді мекендегі 597 көшеге техникалық және механикалық тазалық жүргізу 9 секторға бөлінген. Бұл жұмыстарды «Таза ел» ЖШС-нің 180 жұмысшысы атқаруда. Бүгінде мердігер алдағы қыс маусымына 5 мың текше метр құм мен 1000 тонна тұзды қамдап отыр. Одан бөлек күнделікті көшелерді сыпырып, шыққан қоқысты арнайы орындарға тасымалдап, қоршаған ортаның санитарлық тазалығына жауапты. Ал, күнделікті тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау ісін «Керемет-2020», «Бастау» және «Шымкент Спец Комплекс» мердігер мекемелері атқарады. –Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындармен кездесіп, талап-тілегін тыңдаудан бөлек, «I Komek 109» ситуациялық орталығына келіп түскен ұсыныстарды да шет қалдырған емеспіз. Жыл басынан бері орталыққа аудан тұрғындарынан 1 720 өтініш пен шағым түссе, бүгіде оның 1 683-і бойынша тиісті жұмыс атқарылып, 39-ы жұмыс барысында, – деді Боранбай Нығметұлы. Қазір жаз мезгілінің соңғы айы. Бұл кезде қала аумағы алдағы қысқы жылыту маусымына қызу дайындық үстінде. Ескі жылу жүйелері қайта жаңғыртылып, тозған жүйелер жаңасына ауыстырылып жатыр. Тұран ауданы әкімдігі де бұл жұмыстардан қалыс емес. Ауданда 544 көпқабатты үйдің 501-і орталық жүйеден жылу алады. Алдағы жылыту маусымына дайындақ барысында 200 үйде сығымдау жұмыстары аяқталған. Аталған сығымдауды қазір 6 мекеме жүргізіп жатыр. Ал, табиғи газбен қамтылмаған 369 жеке секторға қатты отын жетізуге 2 көмір қоймасы қызмет атқаруда. Жалпы, бұл үйлерге көмір қажеттілігі 1476 тоннаны құрайды. Аудан әкімінің айтуынша бүгінге дейін 136 үй қысқы көмірін қамдап алған екен. Құрылғанына жыл толмаған ауданда атқарылған жұмыс көп, халыққа қолайлы орта қалыптастыруда ауқымды істер алда тұр. «Тұрғындардың талап-тілегін дер кезінде орындау бағытындағы жұмыстар — бұдан кейін де жалғасын табады», деп аудан әкімі Б.Болатбеков сөзін қорытындылады.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin